Топография

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
[Солтүстік Кавказдың топографиялық картасы

Топография (ежелгі-грек. τόπος — «орын» и γράφω — «жазу») — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.

A.
Жаңа Зейландия топографиялық картасы.

Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады.

A.
Моңғолия топографиялық картасы.

Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Аэрофототүсірім және космотүсірім әдістерінің жылдам дамуына байланысты мензулалық түсіру өзінің бұрынғы атқаратын рөлін төмендетіп,шағын аудандағы түсіру жұмыстарында қолданылуда.Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.[1]

Топографиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топографиялық сипаттама — бөгеннің негізгі топографиялық сипаттамалары ретінде айдын ауданы мен көлемінің тежелу деңгейі араларын байланыстыратын қисық сызықтар немесе бұл сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы түріндегі болашақ су басатын ауданның ірі масштабтағы планды-биіктігі бейнелетін түсірулер. Ұсақ масштабты түсірулер арқылы алынған топографиялық сипаттамалар шамалап алынған деп есептеліп, көп жағдайларда жобалаудың тек алдыңғы сатыларында ғана пайдаланылуы мүмкін. Ол кейіннен ірі масштабты түсірулер арқылы дәлірек анықталатын болады. Бөген айдынының ауданын анықтау — деңгейдің әр түрлі жағдайларындағы аудандардың түсіру пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны барлық горизонтальдар ауқымында (ең төмеітті деңгей, яғни түбінен ең жоғарғы деңгей — тежелген суға дейінгі аралықта) жүргізу қажет.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.