Томск университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетіРесейдің Азия аумағындағы алғашқы орыс университеті, 29 ұлттық зерттеу университеттерінің бірі.

5-100 жобасының қатысушысы (әлемнің жетекші ғылыми-білім беру орталықтары арасында жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы).

1878 жылы Сібір университеті ретінде негізі құралып, 1888 жылы ашылған. Бастапқыда оның құрамына тек медициналық факультет қана кірген. Кейін заң факультеті (1898), филиология, физика математика (1917) факультеттері қосылды. 2010 жылы Ресейдің Ұлттық зерттеу университеті мәртебесін алды.

1919-1930 жылдар арасында бірқатар өзгерістер болды; университет құрамынан медициналық (1930; қазіргі Сібір медициналық университеті) және педагогикалық (1931) университеттер бөлініп шықты. 1934-1991 жылдары В.В. Куйбышевтің атымен аталды. Қазіргі таңда 23 факультет және білім беру институттары, 2 филиал, 38 жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы, 3 ғылыми-зерттеу институты, 100 ғылыми зертханалар бар. Ресей Федерациясы халықтарының мәдени мұрасының ерекше құнды объектілерінің жиынтығы болып табылады. 17 мың студент оқиды (2015).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]