Татарстан Республикасының Мақтау грамотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Татарстан Республикасының Мақтау грамотасы
Шынайы атауы тат. Татарстан Республикасының Мактау грамотасы
Мемлекет  Ресей
 Татарстан
Түрі мақтау қағазы
Жағдайы берілмейді
Негізделді 1 ақпан 1940 жыл
Certificate of Honour of the Republic of Tatarstan Ортаққорда

Татарстан Республикасының Мақтау грамотасы (тат. Татарстан Республикасының Мактау грамотасы) — 1940-2011 жылдары болған Татарстанның мемлекеттік марапаты. Бұрын Татарстан АКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Мақтау грамотасы (тат. Татарстан АССР Югары Советы Президиумының Мактау грамотасы) ретінде белгілі болды.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
ТАКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Мақтау грамотасы, 1958 жыл

Татарстан АКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 жылғы 1 ақпандағы жарлығымен Татарстан АКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Мақтау грамотасы тағайындалып, Татарстанның болашақ мемлекеттік марапаттарының үлгісі болды. Грамотамен Татарстан АКСР, КСРО-ның басқа одақтық және автономиялық республикаларының азаматтары, РКФСР қалаларының, өлкелері мен облыстарының тұрғындары, шетел азаматтары, сондай-ақ кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері, әскери бөлімдер, аудандар, қалалар және басқа да елді мекендер – «өндірістік, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметтегі, әлеуметтік-мәдени құрылыстағы және еңбекшілерді коммунистік тәрбиелеудегі, Кеңес мемлекетінің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етудегі ерекше сіңірген еңбегі, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтудағы үлесі үшін» марапатталды. 1990-1992 жылдары Татар КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен марапатталды. Татар КСР-і Татарстан Республикасы болып өзгертілуімен, бір мезгілде, Татарстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен Татар АКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Мақтау грамотасы Татарстан Республикасының Мақтау грамотасы деген атауға ие болды[1].

Марапатты Татарстан Республикасының Президенті тағайындады. Татарстан Республикасының Мақтау грамотасымен Ресей Федерациясының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер - «өндіріс тиімділігін арттырудағы, өндірілетін жұмыстардың және шығарылатын өнімдердің сапасын жақсартудағы жоғарғы жетістіктері үшін, өндірістік, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметіндегі игіліктігі үшін, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, өнер мен әдебиет, дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтері үшін және мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құрылыстағы басқа да қызметтері үшін, құқықтық тәртіпті, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін» марапатталатын. Татарстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңымен Татарстан Республикасының Мақтау грамотасы жойылып, Татарстанның мемлекеттік марапаттарының тізімінен алынып тасталды. Қазіргі уақытта берілмейді, бұл шешім марапатқа сұраныстың жоқтығынан туындады. Барлығы төрт жүзден астам ұжым және жеті мыңға жуық адам Татарстан Республикасының Мақтау грамотасымен барлық жылдар бойы марапатталған. Татарстан Республикасының Мақтау грамотасымен марапатталғандарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, телефон, радио, ұжымдық антеннаға ақы төлеу шығындарының 50 пайызы мөлшерінде ай сайынғы көмекқаржы, 322 рубль мөлшерінде ай сайынғы төлем беріліп, сонымен қатар тегін тіс және есту протездерін жасау қызметтері көрсетілген[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Постановление Верховного Совета Республики Татарстан от 7 февраля 1992 года № 1408-XII «О Почётной грамоте Республики Татарстан и внесении изменений в Положение о государственных наградах Республики Татарстан». Верховный Совет Республики Татарстан (7 ақпан 1992).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 17 тамыз 2023.
  2. Какие льготы дают госнаграды РТ?. Министерство труда, занятости и социальной защиты Республики Татарстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 17 тамыз 2023.