Талқылау:Жады
Бұл Жады бетін жақсартуды талқылау үшін қолданылатын талқылау беті. | |||
---|---|---|---|
Жаңа тақырып қосу үшін төмендегі жолаққа талқылау тақырыбын енгізіп, жаңа тақырып бастау батырмасын басыңыз:
| Мақала ережелері
|
Ес және Жады
[қайнарын өңдеу]"Ес" деген сөз тек "Есте сақтауға" ғана қаратылып айтылмайды. Бұдан басқа "Есін жию, Есі кіру, Есті, Есер, Ессіз, Ескермеу" деген сөздердегі мағынасына қарап, бұл ұғымның мағынасы "Есте сақтаудан" терең және кең екенін байқаймыз. Өзге тілдердегі memory - Память деген Жады деген сөз болуы керек. өйткені олар таза мағынада мидағы ақпараттар қорын білдіреді. Миыңда не сақталды, соған қаратылады. Миыңда ес бар ма деп айта алмаймыз!)) Ес адамның жадысын есте сақтау ретінде ғана көрсетеді, басқа жағдайда ол сананың ояулығын, сергектігі мен саулығын білдіреді. Мысалы "Есін жиды" дегендей. Кейде "Есі кірді" деген де осы мағынада айтамыз, немесе саналылығына қаратамыз. Бұл туралы кең ойланған дұрыс. Әдеби кітаптардағы Memory, Память сөздерін Ес деп аудара салуға бола ма, ойлану керек. Неге "Миымда ес бар" деп айта алмаймыз? Міне бұл үлкен сұрақ! --Alphy Haydar (талқылауы) 00:03, 2021 ж. желтоқсанның 18 (+06)
- Еске алу деген сөзді қарайықшы, яғни "есті алу" емес, "еске алу", өйткені ес мәлім нәрсені өзіне алады, демек ол мәлім нәрсе естің өзі емес, тек ес сол мәлім нәрсені өзіне алып, есімізге естегі нәрсе түседі. "есімде ес" бар дей алмаймыз, есімде жады бар. есімде есіме сақталған түрлі ақпарат, білім, ой, қиял бар. Демек, ес соларды алып шыға алуатын ерекше қабілет, бірақ ол онда не сақталғанын білдірмейді. Memory деген сөз сол сақталған нәрсе. Ал, сақталған нәрсені адамның білуі еске алуы (to remember), ендеше мына тақырыптағы Ес лайықты сөз емес. Ес ерекше Зерде қабілеттерінің бірі. Ол еске ала алады, бірақ ол Естегі нәрсенің - есіміздегі, ой, білім, тәжірибе дегендердің өзі емес. Оларды Жады деуге болады. Біз жадымызды еске аламыз, жадымызды жаңғырта аламыз, демек осы теманың басты тақырыбы ес емес, жады. Пікірлеріңіз болса жазыңыздар. Болмаса біраз уақыттан соң ауыстыруға тырысамын. --Alphy Haydar (талқылауы) 16:43, 2021 ж. желтоқсанның 23 (+06)