Талғар ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Талғар ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Талғар

Ауылдық округтер саны

10

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

45

Қала саны

1

Әкімі

Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Талғар қаласы, Қонаев даңғылы, №65

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°18′31″ с. е. 77°13′39″ ш. б. / 43.30861° с. е. 77.22750° ш. б. / 43.30861; 77.22750 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′31″ с. е. 77°13′39″ ш. б. / 43.30861° с. е. 77.22750° ш. б. / 43.30861; 77.22750 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1969

Жер аумағы

3,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

240 022[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (66,24%), орыстар (16,43%), ұйғырлар (9,52%), түріктер (2,4%), әзербайжандар (1,5%), күрдтер (0,76%), татарлар (0,54%), басқалары (2,61%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041600-041627[3]

Автомобиль коды

05

Талғар ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Талғар ауданы

Талғар ауданыАлматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1969 жылы құрылған. Орталығы – Талғар қаласы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Қонаев қаласымен, шығысында Еңбекшіқазақ ауданымен, батысында Іле, Қарасай аудандарымен және Алатау, Алматы қалаларымен, оңтүстігінде Кеген ауданымен шектеседі.

Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аймақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық және қысы суық. Топырақтары негізінен қара каштан, олар оңтүстік бөлігінде қара топырақтармен алмастырылған. Аудан жерінде мұздықтардан бастап жартылай шөлді аймақтарға дейінгі ландшафттар қалыптасқан. Пайдалы қазбалардан тас, гранит, құм, қиыршық тас және саз кен орындары бар.

Облыс аумағында ерекше қорғалатын Алматы ұлттық қорығы, Іле Алатауы ұлттық паркінің бөлігі бар.[4]

1970 1979 1989[5] 1999 2009[6] 2021
 78211 89543 91545 132692 161724 228232

Аудан халқының саны 196 567 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (63,77%), орыстар (18,25%), ұйғырлар (9,69%), түріктер (2,57%), әзербайжандар (1,60%), күрдтер (0,77%), татарлар (0,56%), корейлер (0,44%), немістер (0,42%), өзбектер (0,36%), гректер (0,30%), украиндар (0,20%), қырғыздар (0,18%), поляктар (0,12%), шешендер (0,13%), дүңгендер (0,02%), беларустар (0,03%), басқалары (0,59%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

46 елді мекен 1 қалалық әкімдік және 10 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)[7]
Алатау ауылдық округі Қызылқайрат ауылы 9 15982
Белбұлақ ауылдық округі Белбұлақ ауылы 3 17867
Бесағаш ауылдық округі Бесағаш ауылы 2 16824
Бесқайнар ауылдық округі Бесқайнар ауылы 2 2961
Гүлдала ауылдық округі Гүлдала ауылы 3 11876
Кеңдала ауылдық округі Кеңдала ауылы 4 22843
Қайнар ауылдық округі Еркін ауылы 10 12633
Нұра ауылдық округі Нұра ауылы 4 9335
Панфилов ауылдық округі Панфилово ауылы 7 31447
Талғар қалалық әкімдігі Талғар қаласы 1 63883
Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылы 1 21693
ЖАЛПЫ САНЫ 46 227344

Туризм нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы ұлттық қорығы, Талғар шыңы (5017м), Нұрсұлтан шыңы (4376м), Молодежный шыңы (4147м), Амангелді шыңы (3970м).

Спорттық шыңдалу нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Табаған спорт және демалыс жүйесі.
  • Ақбұлақ кешені - Қазақстан ұлттық бокс, футбол жастар құрамасы, алматылық Алматы хоккей клубы, биатлоншылар жаттығатын, жарысатын кешенді орын.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]