Таза пайда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Таза пайдакәсіпорында (фирмада) салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайда [1][2].

Кәсіпорынның толық билігінде болады‚ кәсіпорынның жарғысында өзге жағдай көзделмесе‚ ол бұл пайданы одан әрі пайдалану бағыттарын айқындайды. Таза пайданы пайдалану бағыттарын таңдауға мемлекеттік ықпал ету салықтар‚ салық жеңілдіктері‚ экономикалық санкциялар арқылы жүзеге асырылады.

Заңнамалық актілерде немесе кәсіпорын жарғысында көзделген реттерде Таза пайданың бір бөлігі кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелеріне берілуі мүмкін. Пайданың осы бөлігінің мөлшерін меншік иесі немесе ол өкілеттік берген орган белгілейді‚ ал оны бөлу тәртібін еңбек ұжымының жалпы жиналысы айқындайды. Еңбек ұжымының мүшесіне тиесілі пайда сомасы оның қосқан үлесін құрайды. Үлес сомасына акциялар берілуі мүмкін‚ бұл акциялар бойынша дивиденд төленеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2