Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сұлтанғали Қаратаев
Туған күні

23 маусым 1936 (1936-06-23)

Туған жері

КСРО, Қазақ КСР, Ақтөбе облысы

Қайтыс болған күні

27 ақпан 2018 (2018-02-27) (81 жас)

Қайтыс болған жері

Қазақстан Алматы

Азаматтығы

КСРО КСРО
 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Қызметі

Спорт журналисі, комментатор

Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев (23 маусым 1936, Қазақ КСР, Ақтөбе облысы27 ақпан 2018, Қазақстан, Алматы ) — қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы. Рабат Жәнібеков, Диас Омаров, Қынабай Аралбаев секілді танымал комментаторлардың кәсіби ұстазы, спорт журналисі.

1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында өмірге келген. 18 жасында, сегізінші сыныпты бітіргенде лагерге оны дене шынықтыру жетекшісі ретінде жібереді де, спортқа ең алғаш солай бауыр басады[1].

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сөйлеген қазақ комментаторы. Комментаторлық жұмысты Қазақ радиосы мен Қазақ телевидениесінде атқарған.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізді. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Спорттың барлық түрінен трансляция жүргізген.

Басқа да фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]