Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп (1 тамыз 1962, Түркістан) — әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, филология ғылымдарының кандидаты, "Алаш" ғылыми-зерттеу институтының директоры.[1]

1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университернінің филология факультетін бітірген.

Ауғанстанда әскери борышын өтеген.

Алматыда өрт сөндіру қызметінде, Политехникалық институттың зертханасында, Ақтауда кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс істеген.

1990-1995 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.

1995-1996 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер.

1995 жылдан бастап Прагадағы "Азаттық" радиосының тілшісі.

1997-2000 жылдары "Азаттық" радиосының Астанадағы бюро директоры.

2000-2001 жылдары Астана қаласы әкімінің пресс-хатшысы.

2001-2002 жылдары "Қазақстан-Заман" газетінің Астанадағы корреспонденті.

2002 жылдан бастап Прагадағы "Азаттық" радиосының тілшісі.


1991- 1994 жылдары Сұлтанхан Ресей мұрағаттарынан Ә.Бөкейханға қатысты мол мұра тапты. Осыдан әлихантанудың жаңа беті басталып, зерттеулер жаңа дем алады. Кейіннен Сұлтанхан Аққұлұлының бастамасымен Әлихан Бөкейханның 15 томдық жинағы жарық көрді. [2]

1995 жылы қазақтың көсемі - Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен қайраткерлік еңбегі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жұмысының толық мәтіні «Жұлдыз» журналында 1996 жылы жарияланды.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://enu.kz/ru/page/science/research-centers-and-institutes
  2. https://qazaqstan.tv/news/115449/
  3. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7