Сулыкөл (Батыс Қазақстан облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Сулыкөл
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан

Ауданы

Қаратөбе

Ауылдық округі

Сулыкөл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°35′06″ с. е. 53°06′05″ ш. б. / 49.58500° с. е. 53.10139° ш. б. / 49.58500; 53.10139 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°35′06″ с. е. 53°06′05″ ш. б. / 49.58500° с. е. 53.10139° ш. б. / 49.58500; 53.10139 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Бұрынғы атаулары

Соналы, Қалдығайты

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

1446 адам (2009)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

07

Сулыкөл картада
Сулыкөл
Сулыкөл
Сулыкөл картада
Сулыкөл
Сулыкөл
 Басқа мағыналар үшін Сулыкөл деген бетті қараңыз.

Сулыкөл (бұрынғы атауы - Қалдығайты) — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Сулыкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, Қалдығайты өзенінің оң жағалық жайылмасында, көкпек, бетеге, еркекшөп басым өскен шалғынды-қөңыр, сортандау қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

1999 жылы тұрғындар саны 1790 адам (914 ер адам және 876 әйел адам) болса, 2009 жылы 1446 адамды (746 ер адам және 700 әйел адам) құрады.[1]

Іргесі 1930 жылдары шаруашылықтарды ұжымдастыру негізінде қаланды. Бұрын "Соналы" ауылы деп аталып келген. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. 1957-1997 жылдары "Қалдығайты" қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қалдығайтыда және округтегі Темірбек, Төлен, Үшана ауылдарында 36 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдарда 2 орта, орталау, бастауыш мектептер, 3 клуб, медениет үйі, 4 кітапхана, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8