Слитере ұлттық саябағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Слитере ұлттық саябағы
латышша Slīteres nacionālais parks
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы265 км2
Құрылған уақыты2000
Орналасуы
57°22′22″ с. е. 22°10′26″ ш. б. / 57.3727° с. е. 22.1740° ш. б. / 57.3727; 22.1740 (G) (O) (Я)Координаттар: 57°22′22″ с. е. 22°10′26″ ш. б. / 57.3727° с. е. 22.1740° ш. б. / 57.3727; 22.1740 (G) (O) (Я) (T)
Ел Латвия
Слитере ұлттық саябағы (Латвия)
Слитере ұлттық саябағы
Слитере ұлттық саябағы Ортаққорда

Слитере ұлттық саябағы (латышша Slīteres nacionālais parks) — Латвияның батыс жағалауындағы Курземе аймағындағы Талси ауданындағы ұлттық саябақ.[1]

1910 жылы Рига табиғат зерттеушілер қоғамы Ресей империясының Жерге орналастыру бас басқармасына Морица (немесе Морицсала) аралында қорық құру туралы өтінішпен жүгінді. Рұқсат алынып, осылайша Курлянд губерниясының Виндава уезіне қарасты Усма көліндегі Мориц аралы (80 га) Ресей империясының алғашқы мемлекеттік қорығы болды. Бұл Латвия Республикасындағы және КСРО-дағы ең көне қорық болды.

Кейінірек Латвия КСР-нің Талси ауданындағы «Залие Кални» базасында ауданы 15 060 га «Слитере» қорығы құрылды. Оған Вентспилс ауданындағы «Морицала» кіші қорықшалары (ол кезде оның ауданы 818 га болды) және Лиепая ауданындағы «Грини» (ауданы 1076 га) әкімшілік бағынышты болды.

2000 жылы бұрынғы қорық негізінде Слитере ұлттық саябағы құрылды.[2]

Саябақ 16360 га құрлықты және 10130 га теңіз алаңын алып жатыр. Саябақ - 2000 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізінде құрылды. Қазіргі заманғы ұлттық саябаққа Морицсала табиғи саябағы мен Гринск табиғи саябағының аумағы кіреді.

Слитере саябағының аумағында ортаңғы аймақтың жапырақты ормандарынан тайга мен тундраға дейін латвиялық орман өсімдіктерінің барлық элементтері бар. Мұнда жас теңіз төбелері де, 4000 жыл бұрын пайда болған ежелгі құм төбелері де бар. Слитере көгілдір төбелер жотасы 11000-9000 жыл бұрын Латвия аумағындағы мұздықтардың еруі кезінде пайда болған.

Мұнда құмдардағы қарағайлы ормандарды, Баж батпақты жазықтарын, өзендері мен сарқырамасы бар төбелер мен орларды көруге болады.[3]

Қорық аумағының климаты қоңыржай континенттік, теңіздік. Жазы салқын, қысы жұмсақ.

Балтық теңізінің жағасында – Либиеш жағалауында Колькадан Сикраг пен Овишаға дейін Ливтердің (әлемдегі ең аз ұлттардың бірі) балықшылар ауылдары және олардың мәдениетінің басқа да айғақтары сақталған.

Флора, фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік Курземенің жұмсақ климаты әртүрлі өсімдік түрлерінің (шамамен 860 түрі) және Латвия үшін сирек кездесетін өсімдіктердің көптігінің (кәдімгі тисс және балтық шырмауықтары) болуына себебін тигізіп отыр. Саябақтың 30%-ын қылқан жапырақты орман алып жатыр. Саябақта өсімдіктер мен мүк тәрізділердің жүздеген түрлері өседі, олардың 29 түрі Латвияның ешбір жерінде кездеспейді. Негізгі қатты ағаштардан емен, үйеңкі, шаған, қарағаш, қайың, ал қылқан жапырақтылардан – қарағай мен шырша өседі. Ең шұрайлы ормандар Слитере етегіндегі құнарлы топырақта және оған жақын аудандарда өседі.

Латвияны мекендейтін құстардың барлық дерлік түрлері Слитереде байқалды. Колька мүйісі арқылы көктемгі көші-қон кезінде бір сағат ішінде ондаған мың құс ұшып өтеді. Слитере ұлттық саябағы құстардың Балтық көші-қон жолдарының бойында орналасқан, бұл Латвиядағы құстарды бақылайтын ең жақсы орындардың біріне айналдырады. Мысалы, оның теңіз жағалауы солтүстік тундрадан оңтүстікке қарай бет алған шырғалақтар туысының күзгі аялдамасы. Ірі жапалақтар бұл жерге қыста Ресейден қоныс аударады.

Жануарлар әлеміне орман және батпақты мекендейтіндер жатады. Олардың ішінде Латвияда қорғауға алынған сирек құстар – сұр тырна, қара лейлек, ала бүркіт, сондай-ақ жануарлар – еуропалық күзен, жаңғақ тышқан кездеседі. Слитерде сұр қасқырды, еуразиялық сілеусін мен бұланды кездестіруге болады. Ұлттық саябақта өсімдіктер мен биомалардың алуан түрлілігіне байланысты сирек кездесетін жәндіктер мен ұлулардың көптеген түрлері бар. Жағалауда Балтық сұр итбалықтары қыста теңіздің мұз қабатының астында питомниктерін құрады.[4][5][6][7]

Туристік қызмет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келушілерге ыңғайлы болу үшін саябақта бірнеше табиғи жолдар, велосипедшілерге, автокөліктерге арналған маршруттар, қайықпен саяхаттау және жаяу серуендеу, туристер саябақтың табиғи, мәдени және тарихи байлығымен жақсырақ танысуы үшін мұнда бақылау мұнаралары да салынған.

Белсенді демалыс:

  • Колька мүйісі мен Еважу табиғат соқпағы барлығына қолайлы, ал Петерезер мен Шлитер соқпақтарында тік көтерілу керек, бірақ табиғаттың сұлулығы қиындықтарды ұмыттырады;
  • Балтық теңізінің құмды жағалауы серуендеуге ыңғайлы;
  • Мазирбеден Сикрагқа дейінгі аяқ жол бойымен, Кіші және Ұлы теңіздер бойымен (Слитера шеңбері) немесе Ливтердің балықшылар ауылдары арқылы Колькадан Сикрагқа дейін велосипедпен;
  • Ескекті қайықпенг Колька маягына жету;
  • Селитередегі құстардың қоныс аудару кезеңін бақылау, жыл сайынғы құс күндеріне қатысу;
  • Курземе жағалауының дәстүрлі тағамдарынан дәм тату (скландраузис пен ысталған балық).

Слитере саябағында не көруге болады?

  • Колька мүйісі, екі теңіздің толқындары түйісетін жерде – Кіші (Рига шығанағы) және Ұлы (Балтық теңізі);
  • Көгілдір таулардың баурайындағы Слитенр маягы;
  • Мазирбе (ауыл) – Ливтердің дәстүрлі үйіне баруға, «Стуришидегі» көне заттар топтамасын, қайық қирандыларын көру немесе теңіз жағасында демалу;
  • 550-ге жуық мүйізден тұратын «Пурвзиедидегі» мүйіздер коллекциясын көру.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Национальный парк Слитере Национальный парк (Парк) https://opentripmap.com/ru/card/R2035889#15/57.6880/22.4405
  2. Национальный парк Слитере http://reserves-park.ru/natsionalnye-parki-latvii/707-slitere.html Мұрағатталған 19 мамырдың 2023 жылы.
  3. Слитерский национальный парк http://www.meeting.lv/sliteres-nacionalais-parks-o3276
  4. Национальный парк Слитере (Slitere) http://www.resttour.com/ru/obiekti_osmotra/4875_nacionalnii_park_slitere_sltere/ Мұрағатталған 19 мамырдың 2023 жылы.
  5. Четыре национальных парка Латвии https://ru.history-hub.com/chetyre-nacionalnyh-parka-latvii
  6. ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗАПОВЕДНИК «СЛИТЕРЕ» ("SLITERE'S" NATIONAL PARK) https://rutraveller.ru/place/103866
  7. Национальный парк Слитере, Латвия https://ermakvagus.com/Europe/Latvia/slitere-rus.htm
  8. Национальный парк Слитере https://www.latvia.travel/ru/dostoprimechatelnost/nacionalnyy-park-slitere