Скарн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
CКарн: микроскоп арқылы көрінісі

Скарн[1] (швед тілінен skarn — тастанды, пайдасыз жыныс) — әкті-магнийлі-темірлі силикаттардан және алюмосиликаттардан құралған метасоматитті тау жынысы.

  • Карбонатты тау жыныстары мен қышқыл магманың, түрлі алюмосиликатты тау жыныстарының жоғары температуралық аумағында, магмалық ыстық ерітінділердің химиялық әсерінен әкті Скарн.
  • Ca-Mg-Fe силикаттарынан тұрады және магнийлі скарн (магний минералдарынан тұрады) қалыптасады.
  • Минералының
    • құрамына байланысты скарн жай және күрделі
    • генетикалық жағынан метасоматитті, автометасоматитті
    • интрузиялар жапсарында орналасуына қарай эндоскарндар, экзоскарндар, тағы басқа болып бөлінеді.
  • Жаралу тереңдігіне қарай
    • гипабиссалдық (1 — 3 — 4 км)
    • мезоабиссалдық (3 — 4 км-ден 15 — 16 км-ге дейін)
    • абиссалдық (15 — 16 км-ден 30 — 40 км-ге дейін) болып бөлінеді.
  • Скарндардың қалыптасу температурасы 400 — 1000С аралығында.
  • Скарн линза, қабат, желі, түтік, тағы басқа пішінді, құрамында белдемділік байқалады.
  • Скарн мен темір, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден және тальк, флогопит, хризотил-асбест, тағы басқа кендер байланысқан.
  • Қазақстанда Сарыбай, Атансор темір және Қарағайлы қорғасын-барит кендері cкарн да орналасқан.
  • Пайдалы қазба кендерінің көптеген түрлері скарндармен тығыз байланыста түзіледі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том