Сиырқұйрық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Аюқұлақ деген бетті қараңыз.
Сиырқұйрық
Verbascum sinuatum
Verbascum sinuatum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Сабынкөктер
Тайпасы: Scrophularieae
Тегі: Verbascum
Карл Линней
түрлері

360 түрі белгілі

Сиырқұйрық, сырғын, немесе аюкұлақ (лат. Verbascum) — сабынкөктер тұқымдасына жататын екі не көп жылдық өсімдіктер туысы.


Сиырқұйрық (лат. Verbascum songarіcum) — сабынкөктер тұқымдасы, аюқұлақ туысына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның шабындықты, далалы жерлерінде, тау бөктеріндегі шалғындарда, тастақты тау баурайында, өзен аңғарларында өседі. Биікт. 50 — 150 см. Сабағы түзу, түп жағы қырлы, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырағы бүтін жиекті, таспа пішіндес. 3 — 6 сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Мамырмаусымда гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі — қорапша. Сиырқұйрықтың құрамында сапонин алкалоиды бар, улы өсімдік.[1]

Аюқұлақ (Verbascum) — Еуразия мен Солт. Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін 9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі А. (V. thapsus). Биікт. 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұз. 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. А. – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.[2]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9