Сақар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сақар — калий карбонаты, поташ. Химиялық формуласы: K2CO3. Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат. Ауада ылғал тартып үгіледі. Суда жақсы ериді. Сақарды KOH ерітіндісіне CO2-мен әсер ету арқылы және глинозем өндірісінде қосымша өнім ретінде алады. Сұйық сабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде, фотографияда, т.б. қолданылады. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том