Салғастырмалы баға
Салғастырмалы баға - түрлі кезеңде өндірілген өнімнің көлемін бағалау үшін қолданылатын баға; қандай да болсын белгілі бір жылғы немесе белгілі бір күнгі баға, ол жекелеген кезеңдегі өндіріс, тауар айналымы көлемін және басқа экономикалық көрсеткіштерді құн түрінде салыстыруда шартты түрде негіз ретінде қабылданады. Өнімнің, Тауар айналымының нақты көлемінің серпінін, басқа да құндық көрсеткіштерді талдау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы немесе өзгермейтін баға негізінен бағаның өзгеруінің салыстырылатын құндық көрсеткіштердің серпініне ықпал етуін жояды. Салғастырмалы баға қолдану қоғамдық өнімнің, сауданың дамуын, тауарлардың тұтынылуын, әсіресе инфляция жағдайында, шынайы бағалауға мүмкіндік береді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |