Саамдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
са̄мь, sámit, sampelaš
Бүкіл халықтың саны

163 400

Ең көп таралған аймақтар
 Норвегия

37 800

 АҚШ

30 000

 Швеция

15 000 - 20 000

 Финляндия

6000 - 9000

 Ресей

1771 (2100)

 Украина

136 (2001)

Тілдері

саам тілдері, швед, норвег, фин, орыс тілдері

Діні

шаманизм, лютеран, православие

Этникалық топтары

финдер

Саамдар — жалпы саны 60 мыңға жуық (2001). Негізінен Скандинавия елдері: Финляндия (5 мың), Норвегия (30 мың), Швеция (15 мың адамға жуық) мен Ресейдің солтүстік облыстары Карелия мен Кола түбегін мекендейді. Саамдар антропологиялық жағынан солтүстік еуропеидтік нәсілге жатады (ақ сары шаш, көк көз, тік, пісте мұрынды). Финн-угор тілдер шоғырының финн тобының саам тілінде сөйлейді. Алайда қазіргі кезде Ресейдің басқа да аз санды халықтары сияқты cаамдар өз ана тілдерін жоғалта бастады. Саамдардың негізгі кәсібі бұғы бағу. Олар жылдың төрт мезгілі бойы бұғыларын жайып, бірге көшіп жүреді. Қазіргі кезде бір бөлігі ірі қара өсіреді және аңшылықты, балық аулауды кәсіп еткен. Скандинавтық саамдар протестант дінінің лютеран тармағын, Ресейдегілері православие дінін ұстанады. Бірақ өздерінің отқа, суға, т.б. мифологиялық құдайларға табынатын көне діндерін сақтаған. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том