Руслан Темірұлы Ержанов
Руслан Темірұлы Ержанов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Лауазымы |
гроссмейстер (1997) |
Максималды рейтингі |
2555 (қаңтар 1998) |
Актуалды рейтингі |
2494 Шахматшының id табылмады |
Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
| |
Руслан Темірұлы Ержанов (27 қараша 1976 ж.т., Алматы) — шахматшы, халықаралық гроссмейстер (1997).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ержанов шахматты бес жасында үйренді. Оның жаттықтырушылары — анасы Наркиса мен әкесі Темір Ержановтар.
Қазақ мемлекеттік құрылыс-сәулет академиясын бітірген (1999).
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ержанов 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында екі рет Азия құрлығының күміс жүлдегері (1992, Доха, Катар; 1994, Куала-Лумпур, Малайзия), 26 жасқа дейінгі шахматшылар арасында дүниежүз. чемпионаттың күміс жүлдегері (1997, Буэнос-Айрес, Аргентина), Азия құрлығының күміс жүлдегері (1999, Пекин, Қытай), Азия құрлығы қалалары арасындағы чемпионаттың жеңімпазы (2000, Бейрут, Ливан) атанды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|