Ресурстар қарғысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ресурстар қарғысы (ағылш. resource curse) немесе молшылық парадоксы (ағылш. paradox of plenty) — табиғи қорлары (ресурстары) айтарлықтай көп елдердің қазба байлықтары кемдеу немесе олардың қоры мүлдем жоқ мемлекеттерге қарағанда экономикасының баяуырақ дамитындығын сипаттайтын құбылыс.

Бұл парадокcтың негізгі себептері ретінде келесілерді атауға болады:

  • Ресурстардан түскен табыстың елге ағылуынан айырбастау курсының көтерілуінен туындайтын, экономиканың басқа секторларының бәсекелестікке қабілеттегінің төмендеуі;
  • Әлемдік нарықта ресурстарды сатудан түсетін табыстардың аса өзгергіштігі;
  • Экономикаға «оңай» ақшаның ағылуымен байланысты мемлекеттік реттеуде жасалатын қателер немесе коррупцияның дамуы;
  • Реалды өндірістік секторды дамытуда нағыз ынталандыру және шынайы қажеттіліктің болмауы, өйткені шикізаттық кірістер ағымдағы мемлекеттік құрылым (тоқырау және стагнация) кезінде салыстырмалы түрде жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.

Түсініктің пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресурстар қарғысы терминін алғаш рет Ричард Аути 1993 жылы қолданған. [1]

Алайда табиғи ресурстар артықшылық емес, елге қарғыс болып келетіндігі туралы ойлар XX ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастаған. Джеффри Сакс және A. Уорнердің әйгілі еңбектерін қоса алғанда, әртүрлі зерттеулерде елдердің мол табиғи ресурстары мен әлсіз экономикалық дамуы арасында өзара байланыс біліне бастаған. [2]

Экономикалық өсімнен ресурстар молшылығы бөлектігінің айқын мысалы болып мұнай өндіруші елдер табылады. 1965 - 1998 жылдар аралығында ОПЕК елдерінде адам басына шаққандағы ІЖӨ өсімі 1,3 % дейін төмендесе, басқа дамушы елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 2,2 % құраған. [3]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Auty Richard M. Sustaining Development in Mineral Economies: The Resource Curse Thesis — London: Routledge, 1993.
  2. Sachs, J.D., Warner, A.M. Natural resource abundance and economic growth. //NBER Working Paper 5398, 1995.
  3. Gylfason, T. Natural resources, education and economic development // CEPR Discussion Paper 2594, 2000.