Прецессия
Прецессия[1] (кейінгі латын тілінде praecessіo — алдағы қозғалыс, латын тілінде pracedo — алда келемін), физикада — қозғалмайтын О нүктесі бар қатты дененің онымен өзгеріссіз байланысқан Оz осін W бұрыштық жылдамдықпен айналуы мен Оz осін w бұрыштық жылдамдықпен айналуынан құралатын қозғалысы. Мұндағы — Охуz — шартты түрде қозғалмайтын болып есептелетін, олармен салыстырғанда дене қозғалысы қарастырылатын осьтер, ON — түйіндер сызығы деп аталатын бетіне перпендикуляр түзу, Y=ON — поэтика бұрышы. Прецессиямен қатар дене нутация бұрышының q= өзгеруі болып өтетін нутац. қозғалыс жасайды. Астрономияда — Жердің айналу осінің шеңберлік конус бойынша баяу қозғалуы. Бұл конустың осі Жер орбитасының бетіне перпендикуляр, ал ось пен қалыптасқан конустың арасындағы бұрыш 23Ә17¢-қа тең. Жер осі прецессиялық қозғалыспен бір мезгілде нутациялық тербелістерге ұшырайды. Прецессия периоды шамамен 26 мың жылға тең.
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/82/Gyroscope_precession.gif/220px-Gyroscope_precession.gif)
Бұл механикада толығымен дәлелденді: егер айналып тұрған денеге қос күштің әсері тиетін болса, онда дененің айналу осі қос күштің құраушыларына перпендикуляр бағытпен қозғала бастайды. Прецессия бұрышы - қозғалмайтын ОХ осімен түйіндер сызығы арасындағы бұрыш.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Aрын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-234-0
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |