Поло
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4a/Polo_pictogram.svg/220px-Polo_pictogram.svg.png)
Поло (парсы: چوگان)(ағылш. Polo) — ат үстінде доппен ойнайтын командалық спорт түрі. Полоны б.д.д. VI ғасырдың өзінде-ақ Персияда ойнаған. Бұл спорт түрі оқиғалы және шапшаң қозғалуды талап етеді.
Ойынның мақсаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bf/Iranian_girl_polo_player.jpg/220px-Iranian_girl_polo_player.jpg)
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/70/Campeonato_Argentino_de_Polo_2010_-_5237109478_e7ed034169_o.jpg/220px-Campeonato_Argentino_de_Polo_2010_-_5237109478_e7ed034169_o.jpg)
- 1) Поло ойынында ыншылардың екі командасы қатысады.
- 2) Ойыншылар ұзан доптаяқтармен оны қарсыласының қақпасына кіргізу үшін допты ұрады. Көп гол соққан команда ұтады.
- 3) Командалар әрбір соғылған голдан кейін қақпаларын ауыстырады.
- 4) Ойыншыларды ауыстыруға рұқсат етілмейді. Бұндай жағдай ат немесе ойыншы жарақат алғанда ғана рұқсат етіледі.
- 5) Ойыншылардың футболкаларында олардың ұстаным нөмірі көрсетілген. 1 нөмірі - ең негізгі шабуылдаушы ойыншы, ал 4 нөмірі - қорғаныста барлығынан көп ойнайтын ойыншыныкі. 3 нөмірі әдетте капитан және команданың үздік ойыншысына беріледі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f4/The_Orange_Polo_Wedstrijden.jpg/220px-The_Orange_Polo_Wedstrijden.jpg)
Ойыншылар қатты допты ұзын доптаяқтармен ұрады. Мұның қайғылы жағдайға оңай әкелуі мүмкін, ойыншылар сондықтан қорғаныш дулығалар мен тізеқаптар киеді. Аттың аяқтары құрсаулармен, ал олардың өздері мартингал деп аталатын арнайы керек-жарақпен қорғалған. Мартингал өзін және ойыншыны жарақаттай отырып, басын өте жоғары көтермеуі үшін атқа кедергі келтіреді. Аттың жалдары олар шабандоздарға кедергі жасамауы үшін қырылып алынады немесе өріледі.
Пайдалылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алматыкітап баспасы 2013 "Балаларға спорт жөнінде энциклопедиясы" ISBN 978-1-4053-6850-6 УДК 373 ББК 74.200.55 Б 22