Пластификаторлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пластификаторлар (грек. plastos — пластикалы, лат. facіo — жасаймын) немесе жұмсартқыштар

  1. полимер материалдарын қайта өңдеу, қолдану алдында, оның пластикалық қасиетін арттыру үшін қосылатын органикалық заттар. Пластификаторларды кейде жұмсартқыштар деп те атайды;
  2. құрылыста бетон қоспасын қажетті пішінге жеңіл келтіру мен су мөлшерін азайту мақсатында қосылатын заттар. Пластификаторлар ретінде тез буланбайтын, суда ерімейтін, ыстыққа, жарыққа төзімді, иіссіз, улы емес заттар қолданылады.

Кең тараған пластификаторларға: дибутилфталат, диоктилфталат, трифенилфосфат, трикрезилфосфат-2 және мұнайды қайта өңдеуден шығатын кумарон-инден шайырлары мен канифоль т.б. жатады. Пластификаторлар қосылған полимерлердің қалыпты температурада қаттылығы, морттығы, сынғыштығы кеміп, иілгіштік, созылғыштық, т.б. қасиеттері артады. Олар температураның күрт өзгерісіне төзімді. Осы қасиеттердің бәрі бір ғана пластификаторда кездеспейді. Сондықтан кейбір полимерге бірнеше пластификаторлар қоспасы қосылады. Пластификаторлар резина, сыр-бояу, полимерлерді қайта өңдеу өндірістерінде қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том