Пион

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пи-Мезондар, -мезондар, пиондар — екі зарядталған (p+, p—) және бір бейтарап (pо) мезондардан тұратын үш тұрақсыз элементар бөлшектер тобы. Пи-Мезондар өзара күшті әсерлесуге қатысатын элементар бөлшектердің (адрондар) ішіндегі ең жеңілі. Массалары протон массасынан 7 есе жеңіл, электрон массасынан 270 есе ауыр. Спині (J) нольге тең, Бозе-Эйнштейн статистикасына бағынады. Зарядталған Пи-Мезондардың эл. заряды (Q) электрон зарядына тең, изотоптық спині (І) (+1, 0, –1), ішкі жұптылығы (Р) –1-ге, бариондық заряды (В) мен ғажаптылығы (S) 0-ге тең. p+-мезон мен p—-мезон біріне бірі антибөлшек болғандықтан олардың өмір сүру уақыты () мен массалары бірдей: =(2,60240,0024)10–8с, mp140 МэВ/с2=264 mе. pо-мезон өзінің антибөлшегімен бірдей, ол өзі өмір сүретін =(0,840,10)10–16 с уақыт ішінде көбіне екі -фотонға ыдырайды, ал оның массасы: mpо(134,96450,0074) МэВ/с2273 mе. Пи-Мезондар өзара әсерлесудің барлық түріне қатысады. Әлсіз өзара әсерлесу, мысалы, олардың орнықсыздығының негізгі себепкері. Пи-Мезондарды ядролық күштердің тасымалдаушысы дегенді 1935 жылы жапон физигі Х.Юкава (1907 — 81) болжап айтқан. Ядролық күштердің қысқа қашықтыққа әсер етуін және өте үлкен болу себебін Юкава осы бөлшектер арқылы түсіндірді. Зарядталған Пи-Мезондар 1947 жылы ғарыш сәулелерінің құрамынан табылды, ал 1948 жылы лаб. жағдайда алынды. pо тәжірибе жүзінде 1950 жылы алынды. Пи-Мезондардың элементар бөлшектермен және атом ядроларымен әсерлесуін зерттеудің элементар бөлшектер мен ядролардың құрылымын анықтауда маңызы зор. Әзірге Пи-Мезондардың өрістері мен басқа өрістердің өзара әсерлесуін сипаттайтын жүйелі теория жасалған жоқ.

Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том