Петру Гроза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Петру Гроза
Petru Groza
Петру Гроза
Лауазымы
Ту
Ту
Румынияның Премьер-Министрі
Ту
Ту
6 наурыз 1945 жыл — 2 шілде 1952 жыл
Ізашары Рэдеску, Николае
Ізбасары Георге Георгиу-Деж
Ту
Ту
Румынияның жиналысының председателі
6 наурыз 1952 жыл — 7 қаңтар 1958 жыл
Ізашары Константин Пархон
Ізбасары Ион Георге Маурер
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 7 желтоқсан 1884 (1884-12-07)
Бэча
Қайтыс болуы 7 қаңтар 1958 (1958-01-07) (73 жас)
Бухарест

Петру Гроза (рум. Petru Groza; 7 желтоқсан 1884 — 7 қаңтар 1958) – Румынияның саяси әрі мемлекет қайраткері, құқық директоры. 1921-1922 және 1926-1927 жылы румын үкіметтерінде минстр. 1927 жылы реакцияшыл «Халық партиясымен» байланыс үзіліп, Румынияны гитлершіл Германияның қол шоқпарына айналдыруға қарсы күреске қатысқан «Диқаншылар майданы» атты демократиялық шаруалар одағын басқарды. 1943-1944 жылы антифашистік қызметтері үшін бірнеше рет қамауға алынып, тұтқын легерлерінде отырды. Румыниядағы әскери-фашистік диктатура құлатылғаннан кейін(1944 жылы тамыз), Гроза Ұлттық-демократиялық майданының жұмысына белсене қатысты. 1944 жылы қарашадан 1945 жылы ақпан дейін коалициялық үкіметтерде премьер-министирдің орынбасары қызметін атқарып, реакцияға қарсы күресті. 1945 жылы наурызда Румынияның демократиялық күштерінің үкіметін басқарды. Монархия жойылып, Румын халық республикасы жарияланғаннан бастап(1947 жылы 30 желтоқсан) 1952 жылы маусымға дейін Минстр Советінің председателі, Ұлы Ұлттық жиналыс Президиумының председательі(1952-1958) болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том