Перовск уезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Перовск уезі (1867) – Сырдария облысы құрамында құрылған әкімшілік аумақ. Орталық 1867 жылдан қала мәртебесіне ие болған Перовск (Қызылорда) қаласы болды. 1896 жылғы мәліметтер бойынша Перовск уезінің аумағы 105,725 км² жерді алып жатты. Халқының негізгі бөлігін қазақтар құрады. Олар көшпелі мал шаруашылығымен (ірі қара, қой, ешкі өсіру), Сырдария өзені бойында егіншілікпен және балық аулаумен айналысты. Балық аулау кәсіпшілігі, негізінен Көкарал түбегінде шоғырландырылды. 19 ғасырдың 60-жылдарында Сырдария өзенінің төменгі ағысында балық кәсіпшілігі ұйымдастырылды. 1861 жылы 3,000 пұт, 1862 жылы 2,600 пұт балық ауланды. 1879 жылы Перовскіге дейін телеграф желісі тартылып, ол Орынбор пошта жолында маңызды рөл атқарды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы