Пальма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Пальмалар
Кокос пальмасы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Arecales
Тұқымдасы: Arecaceae
Bercht. & J.Presl, nom. cons
түрлері

200 тегі мен 2600 түрі белгілі

Пальмалар (лат. Arecaceae) – өзімен аттас сапқа жататын тұқымдас. Негізінен тропиктік ормандарда, теңіз жағалауларында, саванналарда, шөлейтті жерлердегі оазистерде, биік тау басында (3000 м-ден биіктікте) таралған. Пальмалардың 250 (кейбір деректерде 212) туысы, 3400-дей (кейбір мәліметтерде 2780) түрлері бар. Биіктігі 60 м-дей, діңінің диаметрі 1 м-ге дейін (юбея), көбіне бұтақтанбаған, жапырағы топтанып, жоғары жағында орналасқан. Пальманың бұтатәрізді, сабағы діңінің қолтық бүрінен не тамыр сабақтан дамитын, сабағы болмайтын, жер бетіне тек жапырағы өсіп шығатын түрлері бар; сабағы жіңішке (диаметрі 2 – 3 см), ұзын (300 м-дей) шырмалып өсетін түрлері де кездеседі. Пальманың жапырағы кезек орналасады, қауырсын салалы, ұзындығы 15 м (рафия), ені 5 м-ге жетеді (таллипот пальмасы). Бұлар 5 – 12 кейде 30 – 50 жылда гүлдейді, гүлдері масаққа немесе сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Пальмалар көбіне даражыныстылар (кейбіреулері ғана қосжынысты болады), жасыл, ақ не сары ұсақ гүлдері екі қатар шеңбер бойымен орналасады, гүл серігі бос жатады, олар етті болып келеді. Аталығы 6, жемісі – қақырап ашылмайтын сүйек не жидек. Тұқымы ірі, қатты эндоспермді болады. Пальманың көптеген түрінің жемісі тамаққа (саго пальмасы, кокос пальмасы, құрма пальмасы, т.б.) қолданылады. Тұқымынан май, сағыз алынады, күнжарасы малға беріледі, жапырақ бүрі тамаққа пайдаланылады. Көптеген елдерде Пальманың жеміс шырынынан шарап ашытады, қант, діңінен крахмалды саго жармасы алынады. Қабығынан арқан есіледі, талшығынан бас киім, жіп, себет тоқылады, жапырағынан қағаз, өсімдік балауызы алынады. Қазақстанда пальманы әсемдік үшін қолдан өсіреді. Алматыдағы Бас ботаникалық бақта құрма пальмасы, вашинктония, ливистона, трахикарпус, хамеропс, т.б. түрлері өседі.

Май пальмасы

[1]

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пальмалар – жеке бір тұқымдас құрайтын, жапырағы әдемі өсімдіктер тобы. Араб әмірлігі, Үндістан, Оңтүстік Еуропа, Қытай, Жапония жерлерінде кең таралған. Жылу сүйгіш, аздап шөлге де шыдамды. Үй гүлдерінің ішінде биік болып өсетін, кең бөлмелер мен үлкен залдарды көмкеруге қолайлы өсімдік. Ол күннің тіке түскен сәулесін, мол суғарғанды және тазалықты сүйеді. Пальма бөлме жиһаздарымен жақсы үйлесімге келеді. Сол себепті де оны өсірушілердің қатары көп. Үй жағдайында биіктігі 1,5-5 м аралығында болады. Жылы аймақтарда ғана гүлдеп, жеміс салады. Солардың бірі – кәдімгі құрма. Ал, үй жағдайында олар өз деңгейінде өсе алмайтындықтан, тек жапырағының ғана әдемілігін тамашалауға болады.

Жаз кезінде молынан суғару қажет. Суды неғұрлым жылытып құйған дұрыс. Суық судан төменгі жапырақтары сарғайып кетеді. Кешкі немесе таңғы салқында суғарған абзал. Жас өркендері шыға бастаған кезде әдеміжапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіру керек. Көктемде сәуір, мамыр айларының аралығында, екінші рет тамыз, қыркүйек айларында қоректендіріледі.

Көбейтілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пальманы қолдан көбейту қиын жұмыс. Себебі, ол көбінесе тұқымы арқылы ғана көбейеді. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстарын арнайы жылыжайларда білікті мамандар ғана жүзеге асырады. Сондықтан, дайын көшетін өсірген дұрыс.

Пальма туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түрлері көп Пальманың

Пальма өсіру арманым.

Ормандай боп тұрады,

Пальма болса жан-жағың.

Африкада Пальмадан

Кокос, құрма алады.

Сәндік үшін, ал бізде

Өсіруге болады.

Пальманың түрлері өте көп.Және солардың қайсысы болса да,адамға пайдалы.Құрма пальмасы тәп-тәтті құрма жемісін береді.Ол Арабия мен Солтістік Африка шұраттарында тұратындардың негізгі қорегі болып табылады.Ал ұсақ құрмалар мен құрма сүйегі малға беріледі.Пальма-баспана салу үшін қолайлы құрылыс материалы.Ал оның піскен жаңғағының қабыршағынан арқан, жөкпе-сыпырғыш жасайды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы”, V-том