Павел Валерьевич Дуров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Павел Валерьевич Дуров
Па́вел Вале́рьевич Ду́ров
2013 жыл Павел Дуров
2013 жыл Павел Дуров
Туған күні

10 қазан 1984 (1984-10-10) (39 жас)

Туған жері

Ленинград, Ленинград область, РКФСР, КСРО[1][2]

Азаматтығы

 Ресей
Сент-Китс және Невис Сент-Китс және Невис
 БАӘ
 Франция

Компаниясы

ВКонтакте

Лауазымы

Бас директор (2006—2014)

Компаниясы

Telegram LLC

Лауазымы

CEO (2014 — қазіргі уақытқа дейін)

Білімі

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті

Сайты

https://durov.com/

Павел Валерьевич Дуров (10 қазан 1984, Ленинградта туған) - орыс кәсіпкері, программист, миллиардер, "Вконтакте" әлеуметтік желісінің жасаушыларының бірі. 2001 жылы өте жақсы деген бағамен академиялық гимназиясын бітірді. 2006 жылы - Санкт-Петербургтың мемлекеттік университетін бітірді.

Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. Қарапайым мектепте ұзақ оқымай Академиялық гимназияға түсті. Ол 11 жасында программалауды үйрене бастады. 2002 жылы Павел СПбГУ-дың Филологиялық факультетіне түсті. Студенттік өмірге белсене қатысқаны үшін ол Ресей Федерациясының стипендиясымен марапатталды. Информатикадан, лингвистика және дизайн олимпиадаларынан жеңген. Оқып журген кезінде де Павел Интернет-жобаларды жасаумен айналысқан. Мысалы Durov.com және spbgu.ru. Ол америкада Facebook сайтын көре сала, еліне келіп "ВКонтакте" интернет-жобасын ашты.

Павелдың әкесі Валерий Семенович Дуров филология ғылымдарының докторы болған. Ағасы - Николоай Валерьевич Дуров физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Толық мақаласы: ВКонтакте

ВКонтакте немесе VK (орыс. ВКонтакте, "байланыста" деген мағына береді) — бұл көбінесе орыстілді ғаламторда (рунет) танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі. 2013 жылда зерттеулер бойынша “ВКонтакте” сайтына күніне 43 миллион адам кіреді. "Вконтакте" сайтының негізін салушы — Павел Дуров. Танымалдылығы жөнінен Белорусь, Қазақстан және Украинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды иеленеді. 2014 жылы 24 қаңтарда Дуровтың өзінің «Вконтакте»-дегі 12 % акциясын Иван Тавринға сатып жібергені және енді қоғамдық желінің ендігі еншілесі еместігі белгілі болды.[дереккөзі?]

Өмірге деген көз қарасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Павел Дуров либералдық көзқарасты ұстанады, ал тамақтануда вегетарианшыл.[дереккөзі?]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]