Ордер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ордер (нем. Order, фр. ordre‚ лат. ordo – қатар‚ рет‚ бұйрық) – материалдық құндылықтарды‚ ақшалай қаражатты беру (шығыс) немесе алу (кіріс) жөніндегі жазбаша өкім.[1]

Ордер - Әлденені (мысалы, пәтер алу ордері, тінту ордері, тұткындау ордері және т.б.) беруге, алуға, жүзеге асыруға берілетін жазбаша бұйрық., үйғарым, өкімші құжат.[2]

Бухгалтерлік ресімдеу құжатының атауы (мысалы‚ мемориалдық ордер). Кіріс ордер және шығыс ордер(мысалы‚ кассалық ордер) өкімхаттық құжат (ақша алу немесе беру жөнінде кассаға берілген бұйрық) және ақтаушы (ақшаның кірісін немесе шығысын растайтын) құжат ретінде қолданылады. Ордер басқа құжаттардың атауына да қолданылады‚ мысалы‚ тұрғын алаңды иелену құқығына‚ тінтуге берілген құжат‚ сондай-ақ архитектурада (баған-арқалық құралымдарының салмақ түсетін және салмақ түсіп тұрған бөліктерінің белгілі бір ұштасуы‚ олардың құрылымы және көркемдік өңделуі) және басқа жағдайларда қолданылады.[3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  3. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2