Омофон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Омофон (гр. homos — бірдей, phone—дыбыс) — айтылуы бірдей, жазылуы мен мағынасы әр басқа сөздер. Мысалы, ащы (дәм), асшы (аспаз) сөздері айтылуда ашшы болып дыбысталады, қарала (қарсы мағынасы — ақта), қара ала (қара түс пен ақ түстің араласып келуі) сөздерінің айтылуы - қаргша. Қазақ тілінде омофондар түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркестері сыңарлары аралығындағы дыбыстардың ілгерінді-кейінді ықпал, элизия және тағы басқа фонетикалық заңдылықтардың пайда болуынан, орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтаудан туындайды. Сондай-ақ әр түрлі жазылатын бірақ бірдей дыбысталатын фонемалар да омофон деген ұғымға кіреді. Мысалы, қазақ тіліндегі һ және х әріптерінің дыбысталуы ұқсас: қаһарман, хат, хабар, қаһар, гауһар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3