Овуляция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Овуляция.

Овуляция (ovulatio, лат. ovum — жұмыртқа) — фолликулды жандандырушы (ФЖГ) және лютеиндеуші (ЛГ) жыныс гормондарының әсерінен жұмыртқалықтағы көпіршікті фолликулдың жарылып, пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының (овоциттің) жатыр түтігіне өту процесі. Овуляция адамда айлық циклдің ортасында, сиырда — күйіттен кейінгі 15 сағат ішінде, биеде — күйіттен 24-36 сағат бұрын жүреді. Көптеген жануарларда (мысық, қоян т.б.) ұрықтану процесіне байланысты овуляциякез келген уақытта жүре беруі ықтимал.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9