Никола Тесла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Никола Тесла
серб. Никола Тесла
Туған күні

10 шілде 1856 (1856-07-10)

Туған жері

Смилян, Госпич, Аустрия империясы (Хорватия)

Қайтыс болған күні

7 қаңтар 1943 (1943-01-07) (86 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк

Ғылыми аясы

физик, инженер-механик, инженер-электрик

Жұмыс орны

Еуропа, АҚШ

Альма-матер

Грацк техникалық университеті

Атақты шәкірттері

Бернард Дж. Истлунд

Несімен белгілі

өнертапқыш, зерттеуші, Айнымалы ток,
асинхронды машина, магнит өрісі,
радиобайланыс

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Никола Тесла (серб. Никола Тесла, ағылш. Nikola Tesla; 10 шілде 1856, Смилян, Аустрия империясы, қазіргі Хорватия — 7 қаңтар 1943, Нью-Йорк, АҚШ) — данышпан физик, инженер, электротехника және радиотехника саласында өнертапқыш. Ұлты — серб.

Ерте кезеңдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Милутин Тесла, Николаның әкесі
Тесла тұрған үй. Қазір мұражай болып табылады
1883 жылы Хорватия және Славония корольдігінің Никола Теслаға берген куәлігінің бірінші беті

Тесланың жанұясы Австрия-Венгрия империясының кұрамына кірген Лика тарихи провинциясындағы Госпич қаласынан 6 км алыс, Смилян ауылында тұрған .[1] Әкесі - Милутин Тесла (18191879), серб, Срем епархиясының дін қызметшісі. Анасы - Георгина (Джука) Тесла (18221892), дін қызметшісінің қызы болған.

10 шілде 1856 жылы отбасыда төртінші болып Никола дүниеге келген. Отбасыда жалпы 5 бала болған: үш қыз - Милка, Ангелина, Марица және екі ұл - Никола және Дане. Никола бес жасқа толған кезде, ағасы аттан құлап қайтыс болған.[2]

Никола бастауыш мектептің бірінші сыныбын Смилянда бітірген. 1862 жылы, Дане қайтыс болғаннан кейін, оның әкесі қызметінде көтеріліп, отбасы Госпичке көшіп кетеді, сол жақта Тесла бастауыш мектептің қалған 3 сыныбын бітіреді. Одан кейін үш жылдық төменгі реалды гимназияны 1870 жылы бітіреді. Осы жылдың күзінде ол Карловац қаласындағы Жоғарғы реалды мектепке түседі.

1873 жылдың шілдесінде Николо Тесла орта білімі туралы аттестат алады. Атасының қалауына қарамастан өз үйіне қайта оралып, сол Гопич қаласында болып жатқан холера эпидемиясына шалдығады (бірақ бұл ауру нақты холера болғаны белгісіз). Аурудан айыққан Никола Тесланы Австрия-Венгрия армиясына үш жылдық қызметке шақыруы керек болды. Алайда туыстары оны аурудан толығымен жазылмады деп, тауға апарады. Тесла 1875 жылдың жазының басында ғана қайтып оралады.

Сол жылы Никола Грацтағы жоғарғы техникалық мектебіне (қазіргі Грац техникалық университеті) түсіп, электротехниканы оқуды бастайды. Электротехника бойынша дәрісте Грамм машинасы жұмысын бақылап отырып, Тесланың ойына тұрақты ток қолданатын машиналардың жетілдірілмегендігі түседі, бірақ профессор Яков Пешль оның ойын сынға алып, бүкіл сынып алдында айнымалы токты қолданудың мүмкін еместігі туралы лекция оқып береді. Үшінші курста Тесла құмар ойындарға салынып, картада үлкен көлемде ақша ұтылады. Өзінің естеліктерінде Тесла оны бұған «тек қана ермек қылу емес, сонымен бірге алдыға қойылған мақсаттарға жете алмау» да итермелегенін айтады. Ол ұтыстарын ұтылғандарға қайта тарататыны үшін сол кезде әпенді деп аталып жүрген. Ақырында қатты ұтылғаны соншалық, анасына ақшаны өзінің құрбысынан алуына тура келген. Тесла бұдан кейін ол ойынды толық тастаған.

1879 жылдың 17 (29) сәуірінде Николаның әкесі қайтыс болды.

Кейін ол Госпичтегі өзі оқыған реалды гимназияға мұғалім болды. Бірақ оған бұл жұмыс ұнамайды. Отбасында ақша аз болды және екі ағасы Петар және Павл Мандичтин көмегімен ғана жас Тесла 1880 жылы Прагаға кетіп, ол жақта Прага университетіне тапсырады да, философия факультетіне түседі. Университетте бір ғана семестр оқыған Тесла, жұмыс іздеуге мәжбүр болады.

Австро-Венгрия, Германия және Франция

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1882 жылға дейін Тесла, сол кезде телефон желілерін жүргізу мен телефон станцияларын салып жатқан Будапешттегі әкімшіліктің телеграфтық компаниясында инженер-электрик болып істеген. 1882 жылдың ақпан айында Тесла кейін айналатын магнит өрісі деп аталған құбылысты электрқозғалтқышына қалай қолдануға болатынын ойлап табады.

Телеграфтық компаниядағы жұмыс Теслаға айнымалы токтағы электрқозғалтқышты жасауға мүмкіндік бермеді. 1882 жылдың аяғында ол Париждегі Томас Эдисонның (Continental Edison Company) Континенталды компаниясына жұмысқа тұрды. Компанияның үлкен жұмыстарының бірі Страсбургтегі теміржол бекетіне электростанция құру болды. 1883 жылдың басында компания Николаны Страсбургқа жаңы теміржол станциясында жарық беруді монтаждауда туындаған мәселелерді шешуге жібереді. Бос уақытында Тесла асинхронды электрқозғалтқыш моделін жасауға жұмсап, 1883 жылы оны Страсбург қаласы әкімшілігінде көрсетеді.

23-жастағы Никола Тесла

1884 жылдың жазында Страсбург теміржол бекетіндегі жұмыстар толықтай бітіп, Тесла Парижге қайтып оралып, компаниядан 25 мың доллар көлемінде сыйақысын күтеді. Кейін бұл сыйақыны компаниядан ала алмасын білген Тесла намыстанып, жұмыстан шығып кетеді.

Өнертапқыштың ең бірінші биографы Б. Н. Ржонсницкийдің айтуы бойынша Тесланың алғашқы ойы сол уақыттарда электротехниканың дамуына маңызды көптеген жаңалықтар ашқан Ресейге, нақты айтқанда Санкт-Петербургке кету болған. Ол уақыттарда Павла Николаевича Яблочкова, Дмитрия Александровича Лачинова, Владимира Николаевича Чиколева секілді ғалымдардың аттары әлемге әйгілі болып, олардың мақалалары белгілі журналдарда жарық көретін және бұл Теслаға да белгілі болды. Алайда соңғы мезетте Континенталдық компанияның бастықтарының бірі Чарлз Бечлор (ағылш. Charles Batchelor), Николаны Ресейдің орнына АКШ-қа баруға көндіреді. Тесланың биографиясын жазған басқа авторлардың еңбектерінде оның Ресейге кетуге деген жоспары туралы мәліметтер жоқ.

Эдисонға жұмыс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Н. Тесла Руджер Бошковичтің «Натуралдық философия теориясы…»мен өзінің Хаустон-стриттегі зертханасындағы ВЧ трансформатордың катушкасы алдында

1884 жылдың 6 тамызында Тесла Нью-Йоркқа келеді.[3] Томас Эдисонның компаниясында (Edison Machine Works) тұрақты токқа арналған электрқозғалтқыштар мен генераторларды жөндеу жұмысының инженері ретінде жұмысқа тұрады.

Эдисон Тесланың жаңа ойларын суық қабылдап, оның өнертапқыштығын ашық жақтырмады. 1885 жылдын жазында Эдисон Теслаға егер ол оның тұрақты токқа арналған электрлік машиналарын конструктивті түрде дамытатын болса оған 50 мың доллар (шамамен қазіргі 1 млн доллар.[4]) беретіндігі туралы айтады .[5] Никола бар күш-жігерімен іске кірісіп, Эдисонның машинасының 24 түрін, эксплуатациялық қасиеттерін айтарлықтай жақсартатын жаңа коммутатор мен регулятор ұсынады. Барлық жаңартуларды қабыл алған Эдисон, уәделенген сыйдың орнына эммигранттың әзірге америка әзілін дұрыс түсінбейтінін айтады. Оған намыстанған Тесла жұмыстан кетіп қалады.[6]

Нью-Йорктегі зертхана

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Колорадо-Спрингс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Уорденклифф» жобасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Белградтағы Никола Тесланың мұражайы
Тесланың Пуладағы мүсіні

Жасы келіп қалған шағында Тесланы жеңіл көлік қағып кетіп, қабырғасы сынады. Бұл өкпе қабынуын тудырып, кейін ауру созылмалы дертке айналады да, Тесла кереуетке танылады.

Еуропада соғыс басталды. Тесла өзінің жеңіліп жатқын Отаны үшін қатты уайымдап, бірнеше рет барлық славяндарға бейбітшілікке шақырып, үндеулер жасайды.

1943-жылдың 1 қаңтарында АКШ президентінің жұбайы, Элеонора Рузвельт, Теслаға көңіл сұрап баруға тілегін білдіреді. АКШ-тағы, Югославия өкілі Сава Косанович (Тесланың жиені), онымен 5 қаңтар күні кездеседі. Ол Тесламен кездескен соңғы адам болды.

Тесла 7-сінен 8-не қараған түні 1943-жылдың қаңтар айында көз жұмды.[7].

Тесла өзін ешкімнің мазаламауын талап етіп, тіпті Нью-Йорктегі орналасқан қонақ үйдегі бөлмесінің есігіне сол туралы тақта да іліп қойған. Оның мәйітін қайтыс болғаннан екі күн өткен соң қызметші әйел мен осы қонақ үйдің директоры тапты. 12 ақпанда денесі кремациядан өтіп, Нью-Йорктегі Фэрнклифф моласына қойылды.[8]. Кейін күл Белградтағы Никола Тесла мұражайына ауыстырылды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Dommermuth-Costa, Carol, Nikola Tesla: A Spark of Genius, pp. 11-12. 1994. ISBN
  2. Margaret Cheney, Robert Uth, and Jim Glenn, «Tesla, Master of Lightning». Barnes & Noble Publishing, 1999. ISBN 0-7607-1005-8.
  3. «Master of Lightning» by Public Broadcasting Service. Website.
  4. $50 000 (1885 г.) = $1 082 008 (2006 г.) The Inflation Calculator  (ағыл.)
  5. Cheney, Margaret [1979] (2001). Tesla: Man Out of Time. Simon and Schuster. ISBN 0-7432-1536-2.
  6. «Tesla Says Edison was an Empiricist. Electrical Technician Declares Persistent Trials Attested Inventor’s Vigor. 'His Method Inefficient' A Little Theory Would Have Saved Him 90 % of Labor, Ex-Aide Asserts. Praises His Great Genius.», New York Times, 19 қазан 1931. «Nikola Tesla, one of the world’s outstanding electrical technicians, who came to America in 1884 to work with Thomas A. Edison, specifically in the designing of motors and generators, recounted yesterday some of …»
  7. Биография Мұрағатталған 2 қаңтардың 2014 жылы.
  8. Валентина Богомолова, Никола Тесла (Nikola Tesla). Гений-одиночка или безумец опередивший своё время? Мұрағатталған 17 ақпанның 2013 жылы., 03.11.2004

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]