Наруто

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Наруто
жапон. ナルト
Фильмнің постері
Жанры

жауынгерлік өнер, комедия, шытырман оқиға, фэнтези

Режиссёрі

Хаято Дате

Продюсері

Pierrot , TV Tokyo компаниялары

Сценарийдің авторы

Масаси Кисимото (манганың авторы)

Мемлекет

 Жапония

Тілі

Жапон тілі

Шыққан жылы

1999

«Наруто» (жап. NARUTO - ナルト -) — сёнэн жанрында салынған Масаси Кисимотоның мангасы және манга желісі бойынша түсірілген аниме-экранизациясы. Оның басты кейіпкері - шулы әрі тынымсыз ниндзя-жасөспірім Удзумаки Наруто. Ол кішкентай кезінен бастап барлық адамдар мойындайтын, өзі мекен етіп отырған ауылдың басшысы – Хокаге атағына ие болуды армандайды. Бұл арманға жету үшін ол көптеген қиындықтардан өтуге мәжбүр: ниндзя емтихандары, әр түрлі тапсырмалар мен шайқастар.

Манганың бірінші бөлімі 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Weekly Shonen Jump журналының 43-ші нөмірінде Shueisha баспасымен жарияланған болатын, яғни манганың 72-ші томында шықты. Ал соңғы бөлімі 2014 жылдың 10 қарашасында Weekly Shonen Jump журналының 50-ші нөмірінде көрсетілген.

Бұл манга желісі бойынша Aniplex және Studio Pierrot компаниялары үлес қосқан көпбөлімді аниме түсірілді. Алғашқы Naruto телесериалы TV Tokyo мен Animax телеарналарында 2002 жылы 3 қазан мен 2007 жылы 8 ақпан аралығында Жапонияда көрсетілді және ол 220-бөліммен аяқталды. Екінші маусым Naruto Shippuuden 2007 жылы 15 ақпаннан бастап көрсетліп келеді, ал жаңа сериялары апта сайын экранға шығып тұрады. Көрсетілімнен бастап эфирге 600-ден астам сериялар түсірілген және қазіргі кезде әлі де түсірілуде. Аниме-экранизацияға екі телесериал, он анимационды фильмдер және 8 OVA кіреді. 2015 жылдың тамыз айында 11 фильмнің тұсаукесері белгіленген. Манга және аниме негізінде көптеген видеоoйындар, романдар, карта ойындары пайда болды.

Манга мен аниме Жапонияда және оның шекарасынан тыс елдерде өте танымал болды. 70-ші том шыққан кезде, бірінші басылымының 1 400 000 көшірмесі болды, кейінірек «Наруто» томдарының сатылым көшірмелері 200 миллионнан асты[1]. АҚШ-та манга «Наруто» Viz Media баспасымен бестселлер тізімінің құрамына жиі кіріп тұрады .

«Наруто» әлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Нарутоның» барлық серияларының оқиғалары ойдан шығарылған әлемде өтіп жатады. Мемлекет бірнеше жасырын ауылдарға (жап. 隠れ里 какурезато?) бөлінеді және тәуелсіз басшы – Каге тағайындалады. Ниндзя әскери күш ретінде, мемлекеттің экономикасын реттеу үшін әр түрлі миссияларды орындайды. «Наруто» әлемінде технологияның даму деңгейі қарама-қайшы: бір жағынан, кейіпкерлер қазіргі заманғы камералар пайдаланса, екінші жағынан әскери салада прогресс байқалмайды. Яғни шайқас кезінде кейіпкерлер өрт қаруларды, қарулы көліктерді қолданбайды[2]. Керісінше шурикен, кунаи, қылыштарды пайдаланады. Кейбір құралдар чакра - сиқырлы қуаттармен[3], жесттар – басулар (печать) бірге жүзеге асырылады. Автордың айтуы бойынша, чакра мен басулар (печать) жиындары Қытайдың жұлдыздар жорамалына негізделген[4].

Басты кейіпкер Наруто Узумаки тоғыз құйрығы бар түлкінің иесі. Оқиға басталмас бұрын он екі жылдың ішінде, манга желісі бойынша түлкі Нарутоның туған ауылына, яғни Конохаға (жап. 木ノ葉隠れの里 Конохагакурэ но сато?, немесе жай Коноха[5]) шабуыл жасайды. Алайда Коноханы сақтап қалу үшін Төртінші Хокагэ өз өмірін құрбан етіп, жаңа туған ұлы Нарутоның ішіне аңның рухын басу етеді (запечатал). Хокаге адамдардың Нарутоны мойындағанын қалады, бірақ ауыл халқы оны керісінше жақтырмады, шеттете берді. Түлкінің шабуылын еске алуға тыйым салынғандықтан, Наруто өзінің ерекше қасиеттерін кейіннен бірнеше жылдар өткеннен кейін байқаусызда біліп қалды.

Басу (мөр)

Манга екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімнің басында Наруто оқуын бітіріп, гэнин – бастауыш ниндзя атағына ие болады. Ол өзінің екі сыныптастары Саске Учиха мен Сакура Харуномен бірге сенсей Какаши Хатакэнің басқаруымен бір командаға түседі. Сюжеттің даму барысында Наруто жаңа достар тауып, Хокагэ болу мақсатына жету үшін жаңа қабілеттерге үйренеді. Қашқын ниндзя Орочимару ауылға шабуыл жасап, Үшінші Хокагені өлтіреді. Орочимару Учиха тегінен шыққан дарынды ниндзя Саскенің денесін иеленуді қалайды. Бірақ Саске өз қалауымен көптеген қабілеттерге иелену үшін, ағасы Итачиге кек алу үшін Орочимаруға барады. Оқиға басталмастан бұрын Итачи Саскеден басқа Учиха кланын жоқ қылады. Бұл іс-әрекет Саскеге әсер етіп, кек оның өмір сүру мағынасына айналады. Кетіп қалған Саскені кері әкелу үшін Конохадан тыс жерге барып, жаттығулармен шұғылдана бастайды. Ол аты аңызға айналған, Орочимарудың бұрынғы серігі Джирайямен келесі кездесуге дайындалу үшін айналысады.

Манганың екінші тарауы 28 томнан басталады[6]. Ол жаттығудан екі жыл жарым өткеннен кейінгі оқиғаны сипаттайды. Басты кейіпкер 16 жаста болады. Джирайямен өткізілген жаттығулардан соң Наруто жасырын ауылға, Конохаға оралады. Бұрын Наруто, Саске және Сакурадан құралған № 7 команда құрамы өзгереді. Оның атауы «Какаси командасына» өзгертіліп, Саскенің орнына Сай есімді жас ниндзя келеді. Наруто және оның достарының қарсыластары барлық құйрықты аңдарды ұстап алуды меңзеген Акацуки ұйымы болады. Ал Саске Учиха Орочимарумен оқуды жалғастырудың мағынасы жоқ деген оймен оны өлтіреді. Сонымен қатар ол ағасы Итачиді тауып алып, онымен шайқасқа түсіп, жеңіс табады. Кейін Акацуки ұйымының лидері Тоби Саскеге шындықты айтады: Итачиге Учиха кланын жоюға жасырын ауылдың басшылары бұйрық берген екен. Кагелердің кездесуінде Тоби онқұйрықты бидзюдің, адамдарды басқара алатын иллюзияның пайда болуы үшін құйрықты аңдарды жинап жатқанын хабарлайды. Басқа ауылдардың басшылары Тобиға келісімдерін бермегенде, ол Төртінші Дүниежүзілік соғыстың басталғанын жариялайды. Бұған жауап ретінде бес ірі жасырын ауылдар бас қосып альянс құрып, басшы болып Райкагэ тағайындалады. Ал біріккен шиноби армиясының басшысы Казекаге Гаара болады[7]. Екі жақты шайқас болады: бір жақта Акацуки ұйымы мен Дзецудің мыңдаған клондары және Кабуто Якусидің қабілетімен түзілген бұрын қайтыс болған ниндзялар, ал екінші жақта біріккен бес елдің шинобилары – әскерлері.

Пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Наруто» Масаси Кисимотоның алғашқы негізгі жұмысы болып табылады. 1995 жылы ол «Hop Step Award» (жап. ホップ☆ステップ賞 Хоппу сутэппу сё:?), жас авторларға арналған «Shonen Jump» журналының премиясына иеленді, бірақ бірнеше жылдар бойы Кисимотоның жаңа жұмыстарына деген идеялары журналдың редакциясымен бастартылды[16] . Дегенмен, ол сүйікті тағамы – рамэн туралы оқиғаны сипаттауды шешкен болатын. «Манганың алғашқы нұсқасы кеспенің (лапша) құпия құрамына арналды, „кішкене“ редакциядан кейін ол „Нарутоға» айналып кетті», - деді Кисимото[8].

Дәл осы атаумен бөлек шағын манга 1997 жылы тамыз айында «Akamaru Jump» журналында басылып шықты[9][10]. Бұрынғы бұл жұмыстың желісі бойынша, тоғыз дос тоғызқұйрықты түлкіні жеңіп, ал жалғыз аман қалғаны Наруто Узумакиді қарауға алды. Нарутоның құрдастары оған мән бермегендіктен, Наруто олардың араларын одан сайын аластайтындай етіп кек алады. Оның тәлімгері Нарутоның достары жоқ екенін байқап, балаға мұның маңызы өте зор екенін түсінеді. Және оған бір тапсырма береді – ол өзіне сенетін бір досын алып келу қажет. Наруто дос іздеу барысында қаланы аралап, кездейсоқта Курода есімді мас суретшіні кездестіреді де, үйіне әкеледі. Куроданың шеберханасында оның көмекшісі Такаси Такано Нарутоға Куродоның танымал шебер Сабуроның «Символ» суретін қазіргі уақытта қайта жаңғыртып салып жатқан суретті көрсетеді. Барлығы шеберханадан суреттің ұрланып кетуінен сақ болады. Алайда түнде көмекші Такасиді өлтіріп, суретті ұрлап кетеді. Күдік Нарутоға түседі. Ал Наруто Куроданы суретті ұрламағаны жөнінде сендіруге тырысады да, шын қылмыскерді табуға уәде береді. Наруто қылмысты зерттеп, суретті бақылап отыратын полицияның пәтеріне кіргенде суреттің иісін сезіп – қылмыскердің бетін ашады. Курода Нарутоның бірінші досы болады.

Бұл шағын манганың әлемі «Нарутоның»[8] соңғы нұсқасының әлеміне қарағанда қазіргі заманға сай – адамдар қазіргі кезгі сән үлгісемен киінген, көліктермен жүреді, полициялар өрт қаруды қолданады. Ал ниндзя техникасын тек Наруто Узумаки мен оның тәлімгері, тоғызқұйрықты түлкімен шайқастан аман қалған әскер пайдаланады. Сұхбаттың (опрос) нәтижесінде бұл манга көптеген адамдарды қызықтырды, бірақ Кисимото өзінің жұмысына риза болмады. Ол суретін түкке тұрғысыз, ал сюжет шатасқан деп санады. Сол кездері ол «Hop Step Award» марапатына ие болған «Karakuri» мангасымен жұмыстанды. Кисимото «Karakuri» мангасының эскиздерін көп мөлшерде салып қойды, бірақ олармен қанағаттанбады. Сондықтан «Нарутоның»[4] көптомдық нұсқасын шығарумен айналысты.

Кисимотоның сұхбаттарында ол манганың пайда болу тарихын бірнеше қайтара айтқан болатын. Мысалы, «Наруто» әлеміндегі қоршаған орта оның айтуы бойынша аз ғана уақытта кездейсоқ ойлап шығарылды. Бірақ автор Коноха ауылындағы оқиға орнын салу үшін Жапониядағы[2] Окаяма префектурасының ландшафт үлгісін пайдаланғанын мойындады. Ал кейіпкерлерді салу барысында Кисимото шабытты жасөспірімдерге арналған әр түрлі мангалардан (сёнэн) іздеп, өзінің кейіпкерлері басқа ұқсамауын қалады. Әр топтың өзіндік ерекше қабілеттер болатындай етіп ол командаларға бөлінуді жөн көрді. Кисимото топтың әрбір мүшесіне бірегей таланттар және осалдықдардың болуын қадағалады[11]. Ал манганың аяқталуына келетін болсақ, 2006 жылы Кисимото соңғы бөлімге идеяларының бар екенін айтқан болатын, бірақ автор проблемаларды шешіп, манганы аяқтау үшін көп уақыт кететінін ескертті.

Манганың бірінші бөлімі 1999 жылы «Shonen Jump» журналында қыркүйек нөмірінде жарияланды. Бастапқы 238 бөлім бірінші бөлімді құрайды және Нарутоның шытырман оқиғаларының басталуымен сипатталады; 239 бен 244 аралығындағы бөлімдер гайдэн деп аталады және Какаси Хатакэ есімді кейіпкердің өткен шағын еске түсіреді; ал қалған бөлімдер манганың екінші тарауына жатады. АҚШта «Наруто» 2003 жылдан бастап Viz Media баспасымен шығарылуда. 2015 жылы ақпан айында Жапонияда манганың 72 томы («танкобондар») жарыққа шыққан, оның 27сі сюжеттің бірінші тарауын құрайды. Бірінші танкобон 2000 жылы 3 наурызда басылды.

Коммерциялық табысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Наруто» Жапониямен қатар басқа елдерде де коммерциялық табысқа ие болды. 2008 жылдың желтоқсанында Жапонияда манганың 89 млн көшірмесі, ал 2008 жылы 43-томның өзі 1 млн.-нан астам көшірмесі сатылды. Осының арқасында «Наруто» Жапонияда ең көп сатылатын мангалар тізімінде тоғызыншы орынға иеленді. 41, 42 және 44 томдары бестселлер тізіміне енді[31]. 2008 жылы Жапонияда сатылған жалпы көшірме саны 4 261 054- ті құрады. Ал манга бестселлер тізімінде екінші орынды иеленді[32]. 2009 жылы Жапонияда ең көп сатылатын мангалар тізімінде үшінші орынға иеленді[33]. 45-томның 1 млн.-нан астам көшірмесі, 46-томның 850 мыңнан астам көшірмесі сатылды. 2010 жылы сәуірде Shueisha компаниясы «Нарутоның» 100 млн.-нан астам көшірмесі сатылып, «Kochikame», «Айдаһар маржаны», «Slam Dunk» және «One Piece» мангаларынан кейінгі табысты басылымдар компаниясы тізімінің бесінші орнына кіріп, тарихта орнын қалдырды[1]. 2012 жылдың арқасында «Наруто» Жапонияда ең көп сатылатын мангалар тізімінде үшінші орынға иеленді[35]. Ал 2013 жылы рейтингтен бесінші орын алды[12].

АҚШ-да манга «Гейша естеліктері» мен «Да Винчи құпиясы» кітаптарымен қатар бестселлер тізіміне енді[13]. Қазіргі кезгі танымал шығармалармен қатар «Наруто» Киото Халықаралық манга мұражайында сақталған[14].

«Наруто» аниме-экранизациясының премьерасы Жапонияда 2002 жылы 3 қазан күні TV Tokyo арнасында көрсетілді. Режиссері Хаято Датэ, ал продюсері Studio Pierrot және TV Tokyo компаниялары болды. Экранизацияның желісі негізгі туындының желісімен бірдей болып келеді.

Көрермендік рейтинг
(2014 жылы 23 қыркүйек)
Сайт Баға Дауыстар саны
Anime News Network 7,518 / 10 8898
World Art 8,1513 \ 10 3159
AniDUB 7,68 \ 10 13727

Аниме-манга экранизациясы секілді танымал болды. 2003 жылы «Наруто» «Animage» жапон журналының топ жиырма ең жақсы аниме-сериалының тізімінде 10-орынға иеленді. Ал топ жиырма ең жақсы әйел кейіпкерлерінің тізіміне Хината Хюга және Сакура Харуно кірді[15]. Бірнеше жылдардан кейін бұл аниме-сериалдың басты кейіпкерлер Какаси Хатакэнің маскасыз бейнесін көргісі келгендері туралы бірнеше күлкілі сериялары шыққан болатын және осы сериялар ең қызықты сериялар тізімінде 20-орынға ие болды. 2006 жылы қазанда TV Asahi арнасының көрермендерінен 100 ең қызықты аниме туралы сұхбат алғанда «Наруто» он жетінші орын алды.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Naruto

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Naruto is 5th Shueisha Manga with 100 Million+ Copies in Print
  2. a b Uzumaki: the Art of Naruto. — С. 145.
  3. Brian Camp, Julie Davis. Anime Classics Zettai! — С. 232.
  4. a b Shonen Jump Special Collector Edition (Free Collector's Edition). — Viz Media, 2005. — № 00. — С. 68. — ISSN 1545-7818.
  5. Масаши Кишимото. Глава 39 // Книга 5. Претенденты. — М.: Эксмо, 2009. — Т. 5. — С. 56.
  6. Katherine Luther. Naruto Series Profile — All About the Naruto Anime Series Мұрағатталған 6 сәуірдің 2012 жылы.
  7. Масаши Кишимото. Наруто. Глава 515. — Т. 55. — С. 15.
  8. a b Naruto 10th Anniversary!
  9. Американский Shonen Jump. Интервью с Масаси Кисимото. // Viz Media. — 2007. — Т. 5. — № 12. — С. 56.
  10. SJ Runs Yu-Gi-Oh’s End, Slam Dunk’s Debut, Naruto’s Origin
  11. Uzumaki: the Art of Naruto. — С. 141.
  12. USA Today's Top 150 Best Seller list features Viz Media's Shonen Jump's Naruto manga at number 29. Viz Media.
  13. Naruto Nabs Quill Award (ағылш.). ICv2.
  14. Киото Халықаралық манга мұражайы
  15. 第26回アニメグランプリ

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]