Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова
Лауазымы
Ту
Ту
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Ту
Ту
18 желтоқсан 2019 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Олжас Бектенов
Ізашары лауазым пайда болды; Елена Бахмутова Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы ретінде
Ту
Ту
Ұлттық банк төрағасының орынбасары
Ту
Ту
28 наурыз 2019 — 18 желтоқсан 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Ізашары Жанат Бостанұлы Құрманов
Ізбасары Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов
Ту
Ту
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары
Ту
Ту
12 наурыз 2019 — 28 наурыз 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Ізашары Руслан Ерболатұлы Дәленов
Ізбасары Арман Дайырұлы Жұмабеков
Ту
Ту
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Ту
Ту
9 ақпан 2018 — 25 ақпан 2019
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев
Ізашары Тамара Дүйсенова
Ізбасары Бердібек Сапарбаев
Өмірбаяны
Білімі 1. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999)
2. Колумбия университеті (2003)
3. Гарвард университеті (2011)
Мамандығы 1. Халықаралық бизнес
2. Экономикалық саясатты басқару
Дүниеге келуі 1 тамыз 1978 (1978-08-01) (45 жас)
Алматы, Қазақ КСР, КСРО
Әкесі Ерасыл Әбілқасымов (1948)
Анасы Алма Есімбекқызы Әбілқасымова (1949)
Жұбайы Нұрлан Ерғәліұлы Абдрахим (1980)
Балалары ұлы
Әлихан (2015)
қыздары
Аружан (2007)
Диана (2009)
Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова (1 тамыз 1978, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет қайраткер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Бұрынғы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2018—2019).

1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1999—2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.

2003—2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.

2004—2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры

2006—2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008—2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011—2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012—2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.

2013—2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014—2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2019 жылдың 12—18 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың 28 наурызынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.

Марапаттары және атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]