Мұхаммед әл-Усәймин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мұхаммед ибн Салих әл-Усәймин

Мұхаммед әл-Усәймин (сол жақта), 1968 ж
Туған күні

9 наурыз 1929 (1929-03-09)

Туған жері

Унайза, Сауд Арабиясы

Қайтыс болған күні

11 қаңтар 2001 (2001-01-11) (71 жас)

Қайтыс болған жері

Джидда, Сауд Арабиясы

Азаматтығы

Сауд Арабиясы

Ғылыми аясы

Шариғат, фиқһ, хадис

Жұмыс орны

Әл-Қасым қаласындағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы ғылыми институт

Ғылыми дәрежесі

Шариғат ғалымы

Ғылыми атағы

Фақиһ

Альма-матер

Эр-Рияд қаласындағы ғылыми институт

Ғылыми жетекші

Әбдуррахман әс-Сағди, Ибн Баз

Несімен белгілі

«Шарх әл-Мумти' алә зәд әл-мустақни» кітабы

Сайты

http://binothaimeen.com

Мұхаммед ибн Салих ибн Мұхаммед ибн Сүлеймен ибн Әбдуррахман әл-Усәймин әл-Уһәйби әт-Тәмими (араб.: محمد ابن صالح ابن محمد ابن سليمان ابن عبد الرحمن العثيمين الوهيبي التميمي‎) — 1929 жылы 29 мамыр күні Сауд Арабиясының ал-Қасым ауданындағы Унайза қаласында дүниеге келген XX-шы ғасырдың танымал мұсылман ғалымы. Кішкене кезінен зеректілігімен көзге түсіп, өз заманының көптеген ғалымдарынан білім алған. Шариғат ғылымдарын, оның ішінде фиқһ мәселелерін жетік білген. Оның арғы атасы Усман "Усәймин" деген атпен белгілі болғасын, шейхтің отбасын солай атай бастайды. Усәймин отбасы Муқбиль әулетінен, Муқбиль әулеті Захир аулетінен тараған. Захир әулеті өз кезегінде Мұхаммед ибн Әләуи ибн Уһәйбтен таралатын Уәһба әулетінің бір бөлігі.

Білім ізденуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қасиетті Құран Кәрімді шешесі жағынан атасы болған шейх Әбдуррахман ибн Сүлеймен әд-Дәмиғтан үйренеді. Сонымен қатар жазуды, әдебиет пен арифметиканы да оқиды. Құранды, фиқһ және басқа да пәндердің кітаптарын жаттайды.

Мансаптары мен қызметтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Һиджри 1370 ж. бастап Унайза қаласының үлкен мешітінде сабақ бере бастайды. 1374 ж. Унайзадағы ғылыми институтта ұстаздық қызметін жалғастырады.
  • Әбдуррахман әс-Сағдидің өлімінен кейін оның орнына мешіттің имамы болып, Унайзадағы Ұлттық кітапханада сабақ береді.
  • Һиджри 1398 ж. бастап өмірінің аяғына шейін әл-Қасымдағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы университетте сабақ береді.
  • Құран Кәрімді оқытуға арналған қайырымдылық қорын ашылған күннен бастап өмірінің соңына дейін басқарады.
  • Һиджри 1398-1340 жж. Мұхаммед ибн Сауд атындағы Ислам университетінің Ғылыми Комитетінің мүшесі болады.
  • Сонымен қатар һиджри 1407 ж. бастап Сауд Арабиясының Үлкен Ғалымдар комитетінің мүшесі болады.
  • Һиджри 1414 ж. патша Ислам дініне атқарған қызметі үшін патша Фейсал атындағы сыйлықпен марапатталады.
  • Қажылық кезінде, Рамазан айы мен жазғы демалыс уақытында шейх Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединедегі Пайғамбар мешітінде әртүрлі тақырыптағы сабақтар мен дәрістер өткізді.

Дүниеден озуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шейх әл-Усәймин 2001 ж. 10-шы қаңтарында Джидда қаласында кешке таман қайтыс болады. Қасиетті Меккедегі әл-Харам мешітінде өткен жаназасына мыңдаған адам жиналып, оның денесі Меккеде жерленді.[1][2]

Кітаптары мен ғылыми еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шейх әл-Усәймин өзінен кейін Ислам діні мен шариғат туралы көптеген кітаптар, мақалалар мен аудио-таспалар қалдырды.

  • Шарх сәләсәт әл-усуль араб.: شرح ثلاثة الأصول‎ (Ибн Әбдуль-Уәһһабтың "Үш негіз" кәтабының түсіндірмесі)
  • Шарх әл-мумти алә зәд әл-мустақни араб.: الشرح الممتع على زاد المستقنع‎ — ең танымал кітаптарының бірі.
  • Қауағид әл-муслә фи асмаи-Лләһи уа сыфатиһи әл-хусна араб.: قواعد المثلى في أسماء الله و صفاته الحسنى
  • Шарх әл-ақида әл-уаситыя араб.: شرح العقيدة الواسطية

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://alhadis.ru/books/tarajimululama/81-sheihuthaimeen#_ftn1 Мұрағатталған 9 қаңтардың 2012 жылы. Alhadis.ru сайтындағы шейх әл-Усәйминнің қысқаша өмірбаяны
  2. http://www.ibnothaimeen.com/all/Shaikh.shtml Мұрағатталған 21 шілденің 2013 жылы. Шейх әл-Усәйминнің ресми сайтындағы өмірбаяны

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шейх әл-Усәйминнің ресми сайты Мұрағатталған 19 тамыздың 2018 жылы.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]