Миксиналар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Миксиналар
Pacific hagfish resting on the ocean bottom, at 280 m depth off the Oregon coast
Pacific hagfish resting on the ocean bottom, at 280 m depth off the Oregon coast
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Кіші жамағаты: Омыртқалылар
Ұлы табы: Дөңгелекауыздылар
Табы: Myxini
Сабы: Myxiniformes
Тұқымдасы: Myxinidae
Rafinesque, 1815
Genera
Синонимдері

Bdellostomatidae

Миксиналар (лат. Myxinidae) — омыртқалылардың дөңгелекауыздылар класының монотипті отрядының тұқымдасы.

Миксиналар негізінен паразитті тіршілік етуге бейімделген. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында аса терең емес су айдындарында (тереңдігі 1000 метрдей) кездеседі. 4 туысқа жатататын 15-тей түрі бар. өз. 1 метрге дейін (көбіне майда). Жұп көкірек, құрсақ және арқа қанаттары болмайды. Танау тесігі – біреу. Бүйірінде жұтқыншаққа ашылатын 1 – 15 жұп желбезек саңылаулары бар. Ерні жоқ, бірақ аузы бірнеше етті мұртшалармен көмкерілген, мүйізді тісшелері болады. Мөлдір тері астында орналасқан көздері нашар дамыған. Ішкі қаңқаның қызметін хорда атқарады, бас қаңқасы өте қарапайым. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі – бұларда негізгі жүректен басқа қосымша 3 жүрегі бар (басында, бауырында, құйрығында). Терісінің астында денесінің ұзына бойына орналасқан шырыш бөлетін бездері болады. Сырттай ұрықтанады өз. 20 – 25 мм, мүйізді қатты қабығы бар жұмыртқалар салады. Олардың әрқайсысының екі ұшында шоқтанып келген ілгекті жіпшелері болады, сол арқылы бір-бірімен жалғасып, су түбіне бекиді. Түрленбей дамиды. Бірнеше рет ұрпақ береді. Миксиналар – түнгі жануарлар. Күндіз су тұнбаларында, тек басының шамалы бөлігін шығарып, көміліп жатады да, түнде белсенді тіршілік етеді, көбінесе балық, ұсақ омыртқасыздарды аулайды. Кейде акулаға да шабуыл жасайды. Сондай-ақ, олар бірнеше ай қорексіз өмір сүре алады. Миксиналардың кәсіптік маңызы жоқ, кәсіптік балық аулауға едәуір зиян келтіреді.[1]

Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады ‘да сонымен к,атар ұшы ілмекті жіпшелері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады. Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индня мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500—1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады. Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы ішіне кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том