Метаморфтық кендердің құралуы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Метаморфтық кендердің құралуына қысқаша тоқтала кетейік. Мұны екі түрге бөледі:

  • метаморфтық кендер
  • метаморфогендік кендер

Бұл екеуінің айырмасы мынада. Метаморфтық кен бұрынғы бар кеннің метаморфоза әсерінен өзгереді. Мысалы, темірдің шөгінді кендері лимониттен өзгеріп гематит немесе магнетит кеніне айналады. Марганец шөгінді кендері де сондай метаморфозалық болады. Метаморфогендік кендер — ол орынында бұрын болмаған, метаморфизм әсерінен жиналып құралған кендер. Мысалы, өсімдік қалдықтарынан метаморфизм әсерінен пайда болатын графит кендері осыған жатады. Жоғарыда айтылған альпалық желілермен байланысты кендер де осыған жатады. Мысалы, альпалы типтес желілерді толтыратын ірі кварц кристалдары болады. Оларды көбісінің пьезоэлөктрлік қасиеті бар кристалдар болғандықтан техникаға майдаланады. Тау жыныстарынын, ішінде өте аз мөлшерде кездесетін кейбір элементтер метаморфизм әсерінен ерітіндіге жиналып көбейеді. Сонан құралған минерал заттар кенге айналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69