Мерке суармалау жүйесі
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/49/Sprinkler.gif/200px-Sprinkler.gif)
Мерке суармалау жүйесі — Жамбыл облысының Мерке және Луговой аудандарының жерін қамтитын суармалау жүйесі. Көршілес Қырғыз жеріндегі Үлкен Шу каналының Қазақстан өңіріне енетін біраз бөлігі 1963 ж. іске косылған. Шу өзенінен басталады. Жалпы ұзындығы — 464,1 км, оның ішінде магистральды каналының ұзындығы — 57,7 км. Жүйе негізінде 20141 га егістік суарылады. Ауыл шаруашылығы дақылдары ішінде қант қызылшасы басым (5 мың га) егіледі. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |