Мемлекет аралық банк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мемлекет аралық банкхалықаралық есептесу және несие-қаржы мекемесі. 1993 ж. 22 қаңтарда ТМД-ға қатысушы 10 мемлекеттің: Армения Республикасының, Белорусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Украинаның елбасылары қол қойған Келісім негізінде құрылған. Банкінің құрылтайшылары — өздерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банкілері арқылы әрекет ететін мемлекеттер. Мәскеуде орналасқан. Жоғары органы Банк Кеңесі, оған әрбір уағдаласушы тараптан бір-бір өкілден кіреді. Банк Кеңесі Банк Президенті мен оның орынбасарларын тағайындайды. Мемлекет аралық банк халықаралық жария құқық нормаларына сәйкес құрылған халықаралық Үкімет аралық ұйым ретінде танылған және оған кең ауқымды атқарымдар мен өкілеттіктер берілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2