Мағжан Жұмабаев даңғылы (Астана)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мағжан Жұмабаев даңғылындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі»

Мағжан Жұмабаев даңғылы. Бұрынғы атауы М. Жұмабаев көшесі және №1 даңғыл. М.Жұмабаев даңғылы Абылай хан даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Б. Момышұлы даңғылын және Қажымұқан, М.Төлебаев, Сұлутөбе, Талғар, Обаған, Жанкент, Балқантау, Таскескен көшелерін қиып өтіп. Ұзындығы - 3197м.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Медреседе оқып, Шығыс халықтарының тарихын, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Низами секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. 1912 жылы ақынның Қазанда ақынның «Шолпан» атты түңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Ақын Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен бірге «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялап отырады.
М.Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты үстанды. Ол Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады. М. Жұмабаев «Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Тұркістан», т.б. өлеңдердің және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты дастандардың авторы.

Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, «Арасан» демалыс орталығы, А.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]