Маяқұм ауылдық округі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауылдық округі
Маяқұм ауылдық округі
Облысы

Түркістан облысы

Ауданы

Отырар ауданы

Округ орталығы

Маяқұм

Енеді

3 ауыл

Тұрғыны (2021)

3322

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Автомобиль коды

13

Маяқұм ауылдық округіТүркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамына Бестам, Қостерек, Маяқұм ауылдары кіреді. Орталығы – Маяқұм ауылы. Округ құрамында болған Аққұм, Ешкіқора ауылдары 2020 жылы таратылған.[1]

Халқының саны (2009, 2021)[2]
Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Бестам ауылы 148 109 73,6 69 55 79,7 79 54 68,4
Қостерек ауылы 697 579 83,1 368 307 83,4 329 272 82,7
Маяқұм ауылы 3000 2634 87,8 1525 1381 90,6 1475 1253 84,9
Жалпы саны 3845 3322 86,4 1962 1743 88,8 1883 1579 83,9

Тарихи деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маяқұм ауылының маңында тарихы тылсым көптеген ірілі-ұсақты қалалардың орны төбешікке айналған. Олар: Оқсыз, Тектұрмас, Бөріойнақ т.б төбелер.

Орта ғасырлық қала - Оқсыз ("Уәсіж", "Васидж") атына сай оқ-дәрі шығарумен айналысқан. Бұрынырақта Ұлы Жібек жолының бір бағыты осы Оқсыз арқылы өтетін. Себебі Отырарға жақын, экономикалық байланысы тығыз болған. Сондай-ақ Оқсызда Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген. Оның әкесі әскери адам болған, сондықтан Әл-Фарабидың Оқсызда туылуы деген дерек тегін емес. Мұны әлі де нақты зерттеу керек. Көптеген оқулықтарда Әл-Фарабидың туған жері Отырар саналады, бұл дұрыс та. Себебі ара қашықтығы жақын, екі қала арасындағы байланыс қоян-қолтық дәрежеде болған, сондықтан Оқсыз Отырардың бір бөлігі болуы да ықтимал.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]