Маржанды теңіз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Coral Sea map
Coral Sea map

Маржанды теңіз (Coral Sea) — Тынық мұхиттың батыс бөлігі. Теңіз Австралияның солт.-шығыс жағалауында (Үлкен Тосқауыл рифі''), солт-те Жаңа Гвинея, шығыста Жаңа Гебрид аралығында жатыр. Ауданы 4,9 мың км². Суының көл. 11470 мың км3, орташа тереңд. 2394 м, ең терең жері 9140 м. Маржан рифі мен аралдардың көптігіне байланысты Маржан теңізі аталған. Теңіз түбі көп тілімделген. Ағыстары батысқа бағытталып Шығ. Австралия ағысына ұласып кетеді. Су бетінің орташа температурасы тамызда 24С, ақпанда 27 — 28°С. Тұзд. 34,5 — 35,5ү. Акула, ұшатын балықтар, т.б. ауланады. Негізгі айлақтары: Кэрнс (Австралия), Порт-Морсби (Жаңа Гвинея аралы), Нумеа (Жаңа Каледония аралы). М. т-де өзімен аттас аралдар тобы орналасқан.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы