Лэндон Донован

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лэндон Донован Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Лэндон Тимоти Донован

Лақап аттары

Капитан (ағылш. Captain America)[1]

Туған күні

4 наурыз 1982 (1982-03-04) (42 жас)

Туған жері

Онтэрио, Калифорния

Азаматтығы

АҚШ АҚШ

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

АҚШ Сан-Диего Соккерс

Номері

9

Жастар клубы
1988—1998 АҚШ Кэл Хит
1998—1999 АҚШ Академия IMG
Клуб карьерасы[* 1]
1999—2005 Германия Байер 04 7 (0)
1999—2001 Германия Байер 04 II 28 (9)
2001—2004  АҚШ Сан-Хосе Эртквейкс 101 (42)
2005—2014 АҚШ Лос-Анджелес Гэлакси 270 (121)
2009  Германия Бавария 6 (0)
2010  Англия Эвертон 10 (2)
2012  Англия Эвертон 7 (0)
2016 АҚШ Лос-Анжелес Гэлакси 6 (1)
2018 Мексика Леон 6 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000—2014  АҚШ 157 (57)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Лэндон Тимоти Донован (ағылш. Landon Timothy Donovan; 4 наурыз 1982, Онтэрио, Калифорния, АҚШ) — АҚШ-тық футболшы, жартылай қорғаушы. АҚШ Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен, ұлттық құрама тарихындағы мерген футболшы (57 гол).

2020 жылдан бастап бапкерлікпен айналысады.

АҚШ-тың "Кэл Хит", "Академия IMG" клабтарының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1999 жылы Германияның "Байер" клубында бастады. Леверкузендік клубта анау айтқан жарқырамады, көбіне фарм-клубында доп тепті, кейін АҚШ-тың "Сан-Хосе" клубына жалға берілді.

2005 жылы отанына оралып, "Лос-Анджелес Гэлекси" клубында ойнады. 2014 жылға дейін осы клубқа тиесілі футболшы болды, арасында "Баварияда", "Эвертонда" жалда ойнады. 2007 жылы командаға Дэвид Бекхэм келді де, Лэндон капитандықтан Бекхэм үшін бас тартты. Сол жылы Солтүстік Америка суперлигасының үздік мергені атанды.

2009 жылдың басында Бекхэм "Миланға" кетті де, Лэндон қайтадан капитандық міндетті қолға алды.

2014 жылы футболдан кетті де, 2016 жылы 34 жасында "Лос-Анжелес Гэлэксиге" қайта оралды.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрама сапында 12 жыл бойы ойнап, төрт дүркін КОНКАКАФ чемпионы атанды. Құрама сапындағы соңғы ойынын 2014 жылы 10 қазан күні Эквадорға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2009
  • КОНКАКАФ чемпионы (4): 2002, 2005, 2007, 2013
  • КОНКАКАФ күміс жүлдегері: 2011
  • КОНКАКАФ қола жүлдегері: 2003
  • MLS кубогы иегері (2): 2001, 2003, 2005, 2011, 2012, 2014
  • MLS чемпионы (2): 2010, 2011
  • АҚШ-тағы жыл футболшысы: 2003, 2004, 2009, 2010
  • КОНКАКАФ Алтын куюогының үздік мергені (3): 2003 (4 гол), 2005 (3 гол), 2013 (5 гол)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Eurosport. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қараша 2012.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]