Лиганд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лиганд[1] (лат. lіgo — байланыстырамын), аддендтер — кешенді қосылыстардағы орталық атомдармен (кешен түзушімен) байланысқан молекулалар немесе иондар. Мысалы, [Co(NH3)6]Cl3 қосылыстарында Co — орталық атом, ал Лиганд — NH3 молекулалары. Лигандтар иондар, полюсті молекулалар немесе аралас болуы мүмкін. Маңызды Лигандтарға мынадай полюсті молекулалар (H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б.) мен аниондар (F-, Cl-, Br-, І-, OH-, CN-, CNS-, S2O32-, CO32-, C2O42-, т.б.) жатады. Кешеннің ішкі сферасына Лиганд ретінде кіретін бөлшектер өте көп, оларға су, аммиак, анорганикалық және органикалық молекулалар, қышқыл қалдықтары, т.б. жатады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы