Латте макиато
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bb/Latte_macchiato_with_coffee_beans_new.jpg/220px-Latte_macchiato_with_coffee_beans_new.jpg)
Лaтте макиaто (итал. latte macchiato — дақталған яки дақ түскен сүт) — сүт пен эспрессодан әзірленетін ыстық кофе сусыны. Дайындау барысында эспрессо кофесі сүтке шамамен 1:3 мөлшерінде құйылады.
Сусын биік шыны стаканда, ұзын қасық және түтікшемен ұсынылады. Лaтте макиaто бір-бірімен араласып кетпеген үш қабаттан тұрады. Олар төменнен жоғары:
- ыстық сүт
- эспрессо кофесі
- әбден шайқалған сүт көбігі