Лань
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мына мақаланы не бөлімін кербұғы дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/54/Le_cerf_-_Stag_-_Gallica_-_ark_12148-btv1b2300253d-f11.png/220px-Le_cerf_-_Stag_-_Gallica_-_ark_12148-btv1b2300253d-f11.png)
Лань (лат. Dama dama) - бұғы туысына жататын аша тұяқты аң.
Сырт келбеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұрғашысында мүйіз болмайды, еркегінің мүйізі бұтақты, ұшы жалпақ. Дене тұрқы 130-160 см, шоқтығынан алғандағы биіктігі 85-90 см, салмағы 90 кг болады. Жазда түсі сары, қызыл, теңбіл, қыста сары қоңыр, сирек те болса ақ, қара.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жабайы Лань Оңтүстік Иранда кездеседі, қорғауға алынған. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Жаңа Зеландияда, Америкада, Еуропада саябақтарда, қорықтарда өсіріледі.
Тіршілігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лань жалпақ жапырақты орманда мекендейді. 3-10-нан топтанып жүреді. Мүйізі мамыр айында түсіп, тамызда қайта шығады. Қыркүйек-қазан айларында қашып, 8 ай көтеріп, бір, кейде 2 лақ туады.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том