Күзендер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Күзендер
Аққалақ
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Иттәрізділер
Тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Тегі: Mustela
Линней, 1758

Күзендер (лат. Mustela) – сусар тұқымдасының бір туысы.


Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі бар:

Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 – 53 см, салмағы. 0,1 – 2,2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден (кейде 19 – 20-дан) балалайды. Күзендердің ішінде ең ірісі – дала күзені (Mustela eversmannі), оның тұрқы 29 – 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық күзен деп те атайды. Күзен – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mustela