Кяхта келісім шарты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кяхта келісім шартыРесей мен Қытай арасындағы келісімшарт. 1727 ж. 21 қазанда қол қойылған. 1690 ж. Цин империясы Халханы (қазіргі Моңғолия) басып алып, орыс үкіметінен шекараны анықтауды талап етті. 1715 ж. орыс-қытай-моңғол үш жақты келісімі жасалды. 1724 ж. Селенгинскіге келген Қытайдың ресми өкілдері Халхамен шектес орыс жерлері жөніндегі мәселені қайта көтеріп, оны келіссөздер арқылы шешуді ұсынды. Осыған байланысты 1725 ж. Қытайға граф С.Л. Владиславович-Рагузинский басқарған төтенше және өкілетті құқы бар елшілік аттандырылды. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 1727 ж. 20-тамызда Бура өз. бойында келісімшартқа қол қойылды. Бірақ, келісімшарт Пекинге жіберіліп бекітіліп келгенде, орыс елшісі олардың Ресеймен келіспей кіргізген өрескел өзгерістеріне қатты қарсылық білдірді. Ақыры Бура келісімшартының құрамдас бөлігі ретінде алынып, Кяхта өз. бойындағы елді мекенде келісімшарт қайта жасалады. 1728 ж. 14 маусымда екі жақ қол қойды. Ресей мен Цин империясы арасындағы шекара сызығы белгіленеді. Екі ел арасындағы дипломат байланыстардың тәртібі айқындалды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"