Курт Кобейн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Курт Кобейн
Kurt Donald Cobain
Сурет
Курт Кобейн
Негізгі ақпарат
Толық аты

Курт Дональд Кобейн

Туған күні

20 ақпан 1967 (1967-02-20)

Туған жері

Абердин, Вашингтон, АҚШ

Қайтыс болған күні

5 сәуір 1994 (1994-04-05) (27 жас)

Қайтыс болған жері

Сиэтл, Вашингтон

Белсенділік жылдары

1982 — 1994

Мемлекет

 АҚШ

Мамандығы

музыкант, әндер авторы

Аспаптары

вокал, гитара,

Жанрлары

Гранж, Альтернативті рок

Ұжымдары

Nirvana
Fecal Matter

Лейблдері

Sub Pop
DGC Records
Geffen Records



Курт Кобейн қолтаңбасы
Курт Кобейн

Курт Дональд Кобейн (ағылш. Kurt Donald Cobain; 20 ақпан 1967, Абердин, Вашингтон, АҚШ) — америкалық музыкант, «Nirvana» рок тобының әншіci, гитарашысы және әндердің авторы.

Курт Дональд Кобейн 1967 жылы 20 ақпанда, Вашингтон штатының Абердин қаласындаы Grays Harbor ауруханасында үй шаруасындағы әйел Венди Элизабет (қыз кезіндегі тегі Фраденбург) пен автотехник Дональд Лиланд Кобейннің отбасында дүниеге келді. Кобейннің ирландық, ағылшын, шотландық және неміс тектері болды. Курттың ирландық бабалары 1875 жылы Солтүстік Ирландиядағы Тирон графтігінен Корнуолл, Онтарио, Канадаға қоныс аударып, сосын Вашингтонға көшті. Кобейнде 1970 жылы 24 сәуірде дүниеге келген Кимберли деген туған қарындасы бар.

Курт музыкашыл отбасында өсті: шешесінің ағасы Чак Фраденбург өзінің The Beachcombers атты тобымен ойнады, Мэри Эрл апасы гитарада түрлі ансамбльдерде ойнады, немере атасы Делберт тенор карьерасын жасап, 1930 жылғы «Джаз королі» (en:King of Jazz) киносында түсті. Музыкаға қызығушылығы ерте пайда болды: оның туысқандарының айтуынша, енді ғана екі жасқа толғанда ол шын сүйсінушілікпен The Beatles-тің өлеңдерін айта бастады. Төрт жасында ол жергілікті паркқа барғаны туралы өзінің бірінші өлеңін жазды. Жетіде Мэри Эрлдан сыйға дабылды алды. Музыкаға қабілетінен басқа ол өзін кішкентай талантты суретші ретінде көрсетті. Оған осымен әжесі көмектесті. Куртқа жеті болғанда оның ата-анасы ажырасып кетті. Бұл балаға улкен әсер етті: Венди Кобейн оның бұл кезеңде өте жабыраңқы және тұйық болғанын айтып кетті. 1993 жылы Кобейн осы туралы әңгімеледі:

«Мен өзімнің ата-анамнан ұялдым. Сыныптастарыммен дұрыстап сөйлесе алмадым, себебі маған өте қатты әдеттегідей отбасы: ана, әке- бар болуы керек еді. Мен осындай сенімділік қаладым, және де осы себептен ата-анамға бірнеше жыл қатты ренжідім.»

Түпкі текст (ағыл.)

I was ashamed of my parents. I couldn't face some of my friends at school anymore, because I desperately wanted to have the classic, you know, typical family. Mother, father. I wanted that security, so I resented my parents for quite a few years because of that. — Savage, Jon. "Kurt Cobain: The Lost Interview." Guitar World. 1997

Бірнеше уақыт бойы бала анасымен бірге тұрды, бірақ оның жаңа жолдасымен, 22 жасты Майк Медакпен, қарым қатынасы дұрыстала алмады, сосын ол өзінің әкесіне Монтесаноға көшіп кетті. Дональд тез арада Минди және Джеймс деген екі баласы бар Дженни Уэтсбиге үйленді. 1979 жылы қаңтарда Дженни Куртқа өгей іні болатын Чэд атты тағы бір баланы туды. Бірақ та Курт Дженниді ұнатпады, сондықтан ол өзінің әкесінен кетіп қалуға мәжбүр болды – бала бір кезде Дональдтың ата анасы Лиланд және Айриста тұрып,сосын ана жағынан туысқандарына барды.

Курт 14 жасқа толғаннан кейін дабылда ойынын қойды да, оған Чак деген ағасы туған күніне сыйлаған гитарада ойнауға үйрене бастады. Уоррен Мейсон, The Beachcombers тобының музыканты, оның бірінші ұстазы болып кетті. Шамамен осы уақытта Курт «Creem» журналындағы Sex Pistols тобы туралы мақаланы оқып панкпен қызыға бастады.

Олардың пластикаларын Абердинда сатып алу мүмкін емес болды, сондықтан ол күңгірт түрде осындай музыканын қандай болуын елестеді (оның өзінің ойы бойынша бұл «үш аккорд және көп шыңғыру»), бірақ Курт жанында панк группаны құру идеясымен жанданды. Тез арада ол панк және хард рок элементтерін қосатын (сосын бұл стиль гранж деп атаа бастады) музаны ойнайтын Melvins деген коллективімен кездесті. Осы жерге Крис Новоселич та барып жүрді, және де осының арқасында олар бір бірімен достасты.

1984 жылы Венди Кобейн маскүнемдікке шалдыққан Пэт О’Коннорға тұрмықа шықты. Курт анасының үйіне оралды, алайда жақындарымен қарым-қатынасы суып кетті. Мектеп аяқтағаннан кейін Курт көркемөнер колледжіне оқуға түсуден бас тартты. Анасы оның алдына шарт қойды – Курт жұмысқа орналаспаса, оны үйден қуып шығуға тура келеді. Курт кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін Курт үнемі бір үйден екінші үйге көшіп жүрді. Ол жиі жолдастарының үйлерінің ауласында түнейтін, кітапханаларда да күннің аяқталуын күтіп көп уақытын өткізетін. Курттың айтуы бойынша ол тіпті біраз уақыт Уишка өзенінің көпірі астында қоныстаған. Бұл өмірлік тәжірибесі оны “Something In The Way” әнін жазуға шабыттандырды. Кейін оған жұмыс табуға тура келді.

1985 жылы бас гитарист Дейл Кровер, барабаншы Грег Хокансон және вокалшы мен гитаршы қызметін атқарған өзінен құралған Fecal Matter тобын ұйымдастырды. Өкінішке орай, Fecal Matter жаңа диск шығарып үлгерместен бір жылдан соң ыдырап кетті; осыдан кейін жаңа топ құрғысы келген Курт достары арасынан Fecal Matter-дың деможазбасын тарата бастады. Жазбалардың біреуі Крист Новоселичтің қолына түсті. Бірнеше айдан соң Крист Куртқа топ құруға ұсынысын білдірді. Жаңадан пайда болған топ бірнеше рет атауын ауыстырды: «Skid Row», «Ted Ed Fred», «Bliss», «Pen Cap Chew», — топтың ақырға атауы «Nirvana» болды. «Мен жағымды әрі үйлесімді болатын атау іздестірдім», — деп Курт түсіндірді. 1988 жылы топтың алғашқы синглі — «Love Buzz/Big Cheese» жарық көрді, ал келесі жылы Nirvana-ның дебюттық альбомы - Bleach сатылымға шықты. 1991 жылы жарық көрген Nevermind альбомы Nirvana-ға атақ пен табыс әкелді. Таң қалдыратыны, «Smells Like Teen Spirit» әні MTV-дің хитына айналды (алғашында альбомның басты синглы «Lithium» болмақ деп жоспарланды). Кобейннің өзі кенеттен басына түскен атақ пен танымалдылықтан ыңғайсыздық сезінді, оның шығармашылық жолындағы мақсаты бұл емес еді. Келесі альбом In Utero-ны Кобейн әдейі қамықтыратын және ауыр етті. Бірақ альбом Nevermind секілді табысты болмаса да, тыңдармандар көңілінен шықты.

Nirvana өзге панк-ансамбльдер секілді әлеуметтік мәселерге көңіл аудармаса да, Кобейн танымалдылыған өз ойларын көпшілікке жеткізу үшін қолданды. Ол әйелдер құқығын, сексульдық және гендерлік азшылық құқығын қорғады, соған қоса про-чойс-ты қолдады.

Отбасылық өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Курт Кобейн және оның болашақ жары Кортни Лав 1990 жылы портлендық клубтағы концертте алғаш танысты. Кортни Кобейнге бірден назарын аударып, қызығушалағын білдірді, бірақ Курт оған суықтық танытты. Кейін ол негізінде Кортниға ес түссіз ғашық болғанын, бірақ отбасы құруға дайын болмағанын айтып, түсіндірді. 1991 жілік Кортни Дэйв Гролдан Кобейннің сезімдері туралы біліп, оны қайта «аңди» бастайды. Уақыт өте келе екеуі жарасымды жұпқа айналады. 1992 жылы Кортни Курттан бала күтіп жүргені белгілі болып, и 1992 жылдың 24 ақпанында неке қию салтанаты өтеді. Айта кетер қызық жайт - өзінің үйлену тойына Курт пижамамен барған. Курт Кобейн мен Кортни Лавтың қызы Фрэнсис Бин Кобейн 1992 жылдың 18 тамызында дүниеге келді. Нәрестенің есімі Курт ұнатқан The Vaselines тобының вокалшысы Фрэнсис МакКидің құрметіне қойылды.

Сілтемелер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]