Кратер
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/af/Vesuvius_from_plane.jpg/220px-Vesuvius_from_plane.jpg)
Кратер - (грек. κρατήρ — тостаған) - вулкан басындағы немесе беткейіндегі шұңқыр. Тостаған немесе шұңғыма тәрізді болады. Диаметрі бірнеше км-ге жетеді, тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Кратер түбіндегі тесіктерден жер қойнауындағы магмалық жыныстар атқыланып шығады. Кейде кратерде лавалық көлдер жатады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998