Коносамент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Коносамент әсіресе сыртқы саудада кең тараған. Жүк тасушы оны жөнелтушіге жүк тасуға қабылданғаннан кейін береді. Экспорт және импорт тауарларын тасуда коносамент үш міндет атқарады: жүк жөнелтуші мен оны тасушы арасында шарт жасалғанын куәландырады; жүк тасушының оны қабылдап алғанын растайды; тауар жөнінде (коносаментте көрсетілген жүктің сатылуы, аманатқа берілуі және т.б. мүмкін) жарлықтар беруге мүмкіндік беретін құжат болып табылады. Бұл орайда алушының атына атаулы коносамент толтырылады. Жүкті тура жеткізу көзделген коносамент бойынша жүк тиісті жеріне орта жолдағы портта басқа кемеге ауыстырып арту арқылы жеткізуге қабылданады. Мұндай жағдайда жүк үшін оны тасушы жауап береді. Сақтандырылған коносамент жүкті контейнермен тасыған жағдайда қолданылады, жүктің қабылданғанын дәлелдеп, оның сақтандырылғанын куәландырады. Таза коносаментте жүкті жағымсыз қырынан көрсететін ескертпелер болмайды. Коносамент ұсыну қажеттігі келісім шарттардың үйреншікгі шарты, оны орындамаған сатушы, әдетте, банктен тауарға төлейтін қаржы ала алмайды. Көп жағдайда жүк жөнелтушілер кеме иелеріне таза коносаменттің орнына кепілдеме хат беруді ұсынады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9