КешYOU
КешYOU | |
Жанры |
эстрада |
---|---|
Белсенділік жылдары |
2006 — осы уақытқа дейін |
Мемлекет | |
Қайдан |
Алматы |
Лейблі |
BM production |
Топ құрамы |
Ләззат Сұлтанова, Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева |
КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы «SAF» болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Мақсатқызы трионы өзінің қол астына алып, топ атауын «КешYOU» деп өзгертті. «КешYOU» тобы продюсер Баян Мақсатқызының ең табысты жобаларының бірі[1]. Топтың музыкалық продюсері Мухитденова Бағым Мақсатқызы.
Уақыт өте келе топтың құрамы мен стилі өзгерді, репертуарындағы әндері көбейді. 2016 жылы 24 мамыр топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. 2019 жылы «КешYOU» тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. 2021 жылы «Qazaq TV» арнасында «КешYOU» тобының 15 жылдығына арналған мерекелік концерті көрсетілді. 2024 жылы 5 наурыз Алматы театрында Баян Мақсатқызының «Queen» шоуында КешYOU және экс-солисткалар өнер көрсетті. Топтың мерейтолық іс-шараларына экс-солисткалар қатысып отырады.
«КешYOU» тобының қазіргі құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2024 жылдың сәуірінен бастап топта Ләззат Сұлтанова, Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева ән айтады. Бұл құрам 2024 жылдың мамырында Лос-Анджелес қаласында әлемге әйгілі рэпер Снуп Доггпен бірге бейнебаян түсірді. 2024 жылдың маусымында Милуоки қаласында КешYOU тобы Снуп Доггпен бірге концертте ән айтты.
Топтың тарихы және шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КешYOU заманауи поп, патриоттық, қазақи ұлттық, лирика, рэп, рок, той, ретро бағыттарында ән айтады. Әртүрлі жанрларда ән айтатын музыкалық топ Қазақстандағы «ең үздік қыздар тобы» болып саналады. «КешYOU» тобында ұзақ уақыт жұмыс жасаған, ардагер мүшелері: Анель Аринова, Мөлдір Әуелбекова. 2018 жылы шыққан YouTube желісіндегі «Swala La La» бейнебаяны топ тарихында ең көп қаралым жинады. «КешYOU» тобы тек Қазақстанда емес, Түркия, Ресей, Қытай, Франция, Германия, АҚШ, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінде де өнер көрсеткен. Топтың алтын құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова. 2012-2014 жылдары болған алтын құрамның хит әндері өте көп. Топтың бриллиант құрамы: Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай. 5 жыл(2019-2024) болған бриллиант құрам топ тарихындағы «ең ұзақ жұмыс жасаған құрам» болып есептелінеді.
Құрам | Жыл | Топ солисткалары | Әндері |
---|---|---|---|
0 («SAF» тобы) | 2004-2006 | Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Маржан Мендібаева | Жасыл ел |
1 (2006 жылы топ атауы «КешYOU» болып өзгертілді) | 2006-2007 | Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова | Мама; Пленник; Сто дней любви; Caruso; Прошлые дела; Два часа; Ангел неба; Ты верни любовь |
2 | 2008 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Аида Смағұлова | Арман-ай |
3 | 2008-2010 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Наиля Заитова | Сүгірдің термесі; Персона; Әлия; Домбыра туралы баллада; Жағадағы ару қыз; Маңмаңгер, Нұртуғанның термесі; В Намангане яблоки |
4 | 2010-2011 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева | Әдемі қыз; Ақерке-Ақжайық; Мұңайма; Құстар әні; Гәкку; Көктем вальсі |
5 | 2011 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Айдана Меденова | Ойлама сен |
6 (Алтын құрам) | 2012-2014 | Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова | Асықпа; Қазақ қыздары; Туған жер; Ризамын; Махаббат; The Rhythm Is Magic; Vogue; Сәлем саған, туған ел; Жайлаукөл кештері; Tombe la neige; Ғашықпын; Жан ана; Шоқ қыздар; Қайдасың?; Сағындым сені; Жаңа жыл; Қияли қыз; Гололёд; Песня про Одиссея; Всё равно ты будешь мой; Арыс жағасында; Crazy; La Isla Bonita; Бақ мекенім-Астанам |
7 | 2014 | Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова | Survivor |
8 | 2014 | Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали | Келші жаныма; Сағым жылдар; Көз жасың көмектеспейді |
9 | 2015-2016 | Жұлдыз Өмірғали, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Балжан Бидаш | Қайтар жүрегімді; Армандаймын; Қуыршақтар; Туған жер-тағдырым; Рухты ару; Алтын құмдағы тебіреніс; Күміс құман-ай; Смуглянка; Первым делом самолёты; Катюша; Welcome to Kazakhstan; Кетсең де шалғай; Asereje |
10 | 2017 | Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді, Назым Әбілдина | Қалай ғана?; Неге?; Аралдан ұшқан аққулар; Ғажап ертегі; Әсем ән; Жаса, туған жерім; Город мой; Аяджан |
11 | 2017-2018 | Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Назым Әбілдина | Махаббат баяны; Қаракөз; Swala La La |
12 | 2018 | Балжан Бидаш, Назым Әбілдина, Ақбота Құрманғали | Алматы-Астана |
13 (Бриллиант құрам) | 2019-2024 | Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай | Ұят емес; Есіңе мені алғайсың; Мұның бәрі; Көзіңнің мөлдірін-ай; Келші айым; Сары дала; Наурызнама; 13; Қош енді; Bang Bang; Mamma Mia; Sunny; Елім-ай; Сертің қайда?; Күрең күз; Керек; Өзгертпе кейпіңді; Керім-ау айдай; Қыз жүрегі; Между нами любовь; Балаларға; Первое утро столицы; Ғашықтар әні; Бағынбаймын; Тыңда; Арман; Жаса, қазақ арулары; Көктем шуағы; Намалюю тобі зорі; Maxi чай; Кешіктің сен; Ренжітсем кешір; Ai dai; Махаббат алауы; Теряла; Қазақстаным; Take my love; Hula Hoop; Лаула; Асылым; Жаңа жыл; Бриллианты; Әдемі-ау; Кең дала |
14 | 2024-қазіргі уақыт | Ләззат Сұлтанова, Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева | Я красива |
Топтың жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Естелік статуэтка («Türkçе Vizyon-2010»)
- «I орын» сыйлығы («Восточный базар-2010»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Саз әлемі-2011»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2012»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Астана жұлдызы-2013»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2013»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Астана жұлдызы-2014»)
- «Ең үздік қыздар тобы» сыйлығы («Алтын микрофон-2014»)
- «Top Hits Girls» сыйлығы («Top Hits Award-2015»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2015»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Elle Style Awards Kazakhstan-2016»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2016»)
- «Жыл таңдауы» сыйлығы («Жыл таңдауы-2016»)
- Естелік статуэтка («Star of Asia-2018»)
- «Ең үздік дуэт» сыйлығы («EMA-2018»)
- «Жыл таңдауы» сыйлығы («Жыл таңдауы-2018»)
- Қазақстандағы ең танымал ТОП5 бейнебаян («YouTube Rewind 2018»)
- Естелік статуэтка («Star of Asia-2019»)
- Естелік жүлделер («Voice of Nur-Sultan-2019»)
- «Жыл таңдауы» сыйлығы («Жыл таңдауы-2019»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2019»)
- «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Qazaq Music Awards-2019»)
Әндерінің авторлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Ән атауы | Музыкасының авторы | Сөзінің авторы | Жыл |
---|---|---|---|---|
1 | Мама | Эдуард Бергалиев | Эдуард Бергалиев | 2006 |
2 | Пленник | Д. Базикова | Д. Базикова | 2006 |
3 | Ты верни любовь | Эдуард Бергалиев | Эдуард Бергалиев | 2007 |
4 | Арман-ай | Родион Тен | Мақсат Байлы | 2008 |
5 | Персона | Эльдар Кенжебаев | Алишер Юлдашев | 2009 |
6 | Асықпа | Жанар Дұғалова | Сержан Бақытжан | 2012 |
7 | Қазақ қыздары | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2012 |
8 | Туған жер | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2013 |
9 | Ризамын | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2013 |
10 | Махаббат | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2014 |
11 | Қазағымның арулары-ай | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2014 |
12 | Келші жаныма | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2014 |
13 | Қайтар жүрегімді | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2015 |
14 | Қуыршақтар | Арман Дүйсенов | Арман Дүйсенов | 2015 |
15 | Туған жер - тағдырым | Арман Дүйсенов | Қалқаман Сарин | 2016 |
16 | Рухты ару | Мархаба Сәби | Мархаба Сәби | 2016 |
17 | Неге? | Бауыржан Бимахан | Ринат Зайытов | 2016 |
18 | Қалай ғана? | Шоқан Уәлихан | Асқар Дүйсенбі, Әл-Насыр | 2017 |
19 | Ғажап ертегі | Д. Сыздықов | И. Сапарбай | 2017 |
20 | Әсем ән | Румын әуені | Б. Арыстан | 2017 |
21 | Жаса, туған жерім | Гагаш | Асқар Дүйсенбі | 2017 |
22 | Махаббат баяны | Арман Дүйсенов | Асқар Дүйсенбі | 2017 |
23 | Swala la la | Ербол Салықбаев | Шыңғысхан Көпбаев | 2018 |
24 | Алматы-Астана | Ербол Салықбаев | Асқар Дүйсенбі | 2018 |
25 | Ұят емес | Ербол Салықбаев | Әл-Насыр, Назым Басқынбаева | 2019 |
26 | Мұның бәрі | Ғазизхан Шекербек | Қуаныш Жаманқұлов | 2019 |
27 | Қош енді | Шоқан Уәлихан | Асқар Дүйсенбі, Берік Керімбек | 2019 |
28 | Наурызнама | Мұрат Құсайынов | Серік Тұрғынбеков | 2019 |
29 | 13 | Мархаба Сәби | Мархаба Сәби, Назым Басқынбаева, Макс Jeti | 2019 |
30 | Сертің қайда? | Арман Дүйсенов | Арман Дүйсенов, Дидар Кәден | 2019 |
31 | Керек | Ербол Салықбаев | Таир Сахиев, Берік Керімбек | 2020 |
32 | Өзгертпе кейпіңді | Марат Балмырза, Жасұлан Нұрғазиев | Марат Балмырза | 2020 |
33 | Қыз жүрегі | Әлішер Юлдашев | Назгүл Сарыбаева | 2020 |
34 | Между нами любовь | Бауыржан Бимахан | Дидар Кәден | 2020 |
35 | Бағынбаймын | Жасұлан Бекенов | Марат Балмырза | 2021 |
36 | Тыңда | Бауыржан Бимахан | Мархаба Сәби | 2021 |
37 | Арман | Эдуард Бергалиев | Сержан Бақытжан | 2021 |
38 | Жаса, қазақ арулары | Арман Дүйсенов | Манарбек Сатыбалдин | 2021 |
39 | Көктем шуағы | Хамит Шанғалиев | Еркебұлан Қайназаров | 2022 |
40 | Кешіктің сен | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2022 |
41 | Ренжітсем кешір | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2022 |
42 | Ai dai | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2023 |
43 | Махаббат алауы | Эдуард Бергалиев | Ринат Зайытов | 2023 |
44 | Қазақстаным | Манарбек Жұматай | Саят Рахымжан | 2023 |
45 | Take my love | Роман Бугров | Роман Бугров | 2023 |
46 | Hula Hoop | Роман Бугров | Роман Бугров | 2023 |
47 | Жаңа жыл | Диана Исмаил | Ерболат Қарақойшы | 2023 |
48 | Я красива | Шыңғысхан Көпбаев | Джордан Аракелян, Айбек Жанысбаев | 2024 |
Топ солисткалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әнел Әрінова - 1981 жылы 4 мамыр Талдықорған қаласында туылған.
- Мөлдір Әуелбекова - 1986 жылы 10 тамыз Тараз қаласында туылған.
- Аида Смағұлова - 1988 жылы 13 наурыз Павлодар қаласында туылған.
- Кәмшат Жолдыбаева - 1988 жылы 28 қаңтар Ақтау қаласында туылған.
- Айдана Меденова - 1991 жылы 28 қыркүйек Семей қаласында туылған.
- Жанар Дұғалова - 1987 жылы 17 қаңтар Қызылорда қаласында туылған.
- Жұлдыз Өмірғали - 1995 жылы 10 наурыз Алматы облысының Ұзынағаш ауылында туылған.
- Ақбота-Нұр Сейтмағамбет - 1996 жылы 22 қазан Кентау қаласында туылған.
- Балжан Бидаш - 1995 жылы 31 шілде Қызылорда облысының Келінтөбе ауылында туылған.
- Элизат Берікова - 1994 жылы 7 мамыр Меркіде туылған.
- Сара Амангелді - 1996 жылы 19 қаңтар Алматы қаласында туылған.
- Назым Әбілдина - 1999 жылы 6 қаңтар Алматы қаласында туылған.
- Ақбота Құрманғали - 2000 жылы 21 желтоқсан Қаскелең қаласында туылған.
- Ләззат Сұлтанова - 2000 жылы 18 қыркүйек Форт-Шевченко қаласында туылған.
- Балауса Ерғалина - 1998 жылы 22 мамыр Алматы қаласында туылған.
- Наргиз Алтайбай - 1997 жылы 1 маусым Қызылорда қаласында туылған.