Кенжебай Дүйсенбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кенжебай Дүйсенбаев (25-ші қазан 1941-ші жыл, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы – 22-ші қазан 2023-ші жыл, Алматы) - суретші.

Әкесі - Ыстыбаев Дүйсенбай, етікші болып жұмыс істеген. Анасы - Ыстыбаева Тойымдық, үй шаруасымен айналысады.

А.Н. Островский атындағы Ташкент көркөмсурет-театр институтын бітірген (1972), суретші-кескіндемеші. Қырғызстан Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2006 жылдан).

Ауыл өміріне, Қазақстанның табиғатына, оның адамдарына арналған көптеген кескіндеме полотноларының авторы, олардың ішінде: «Күз» (1978), «Ата мен немере» (1979), «Бауыржан Момышұлының портреті» (1980), «Үміт» (1985), «Пейзажды натюрморт» (1986), «Түйелер» (1990), «Қара күн» (1990), «Кегендегі жерлеу» (1996), «Іле пейзажы» (1999), «Торс» (2000), «Желді күн, Ыстықкөл» (2002), «Трасса» (2002), «№10 композиция» (2002), «Түнгі Ыстықкөл» (2003), «Үйқыдағы бала» (2009). Шығармалары Францияда (Канн, Париж қаласы.), Румынияда, Ресейде (Мәскеу қаласы), Қазақстанда (Алматы қаласы, «Алматы-Арт» галереясы, 2007, 2010), Лондонда («Кристис» галереясы) көрмелерге қойылған. Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (1990, 2004) жеке көрмелерін өткізген. Туындылары Мәскеу қаласының Третьяков галереясында, Германия, Франция, Румыния, Англия, АҚШ-тың және т.б. жеке коллекцияларында сақталуда.

1972-ші жылдан бері - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінің (қазір - О. Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) сурет, кескіндеме, композиция пәндерінің оқытушысы. 2000–2003-ші жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қаз¥ӨА сурөт, кескіндеме, композиция пәндерінің оқытушысы. КСРО (1974 жылдан), ҚР Суретшілер одағының (1991 жылдан) мүшесі. ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық кескіндеме көрмесінің (1990), Каспий маңы республикалары биенналесінің (Баку қ., 1989) дипломанты. «Тарлан» сыйлығының «Бейнелеу өнері» номинациясындағы жүлдегері (2005).


Үйленген. Жұбайы - Дүйсенбаева Райхан (1942-ші жылы туған), зейнеткер, фармацевт болып жұмыс істеген. Қыздары - Дүйсенбаева Қамар (1965-ші жылы туған), Дүйсенбаева Майра (1970-ші жылы туған), Дүйсенбаева Гүлім (1974-ші жылы туған), Дүйсенбаева Арман (1978-ші жылы туған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2